Орыстар
Орыстар — ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан рүс атанған да, ежелден көршілер түркі тайпасы оларды орыс деп атап кеткен.
Орыстар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
133 970 800 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей |
111 016 896 (2010) |
Украина |
8 334 141 (2001) |
Қазақстан |
2 983 317 (2024)[1] |
АҚШ |
3 163 084 |
Германия |
2 213 000 |
Өзбекстан |
809 530 (2013) |
Беларусь |
706 992 (2019) |
Канада |
622 445 |
Латвия |
557 119 (2011) |
Қырғызстан |
341 351 (2021) |
Тілдері | |
Діні | |
Тілі
Орыс тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының шығыс славян ішкі тобына жатады. Орыс тілі – Ресей Федерациясының, сонымен қатар Ресей Федерациясының субъектісі болып саналатын республикалардың мемлекеттік тілі; Қырғызстан Республикасының қырғыз тілімен қатар, Беларусьтің белорус тілімен қатар ресми тілі; Молдованың бір бөлігінің, Қазақстанда ресми тіл ретінде қолданылады (мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады); 6 əлем тілдері қатарында; ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдерімен қатар БҰҰ-ның ресми тілі; Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Еуразия экономикалық қауымдастығына,Кеден Одағына қатысушы-мемлекеттердің дəнекер тілі.
Діні
Басым бөлігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. 988–989 жылдары жергілікті халық христиан дінін қабылдады, және содан бері ол ұзақ уақыт бойы ең қуатты діні болып табылады. X ғасырда Киев Русі шоқындырылғаннан кейін христиандық орыстар арасындағы кең таралған дінге айналды.
Тарихы
Орыс халқы ежелден орын тепкен атамекен - Шығыс Еуропа жазығы. Осы аумақта орыстар солтүстік ұлы орыстар және оңтүстік ұлы орыстар болып бөлінеді. Бұл екі үлкен топтың әрқайсысынан өздерінің айрықша топтары жіктеліп шығады. Ежелгі орыс халқы XII ғасырда әр түрлі шығыс славян тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Сондай-ақ, орыс халқының қалыптасуына фин-угор халықтары әсер етті, оның ішінде: чуд, меря, мещера. 13 ғасырдан бастап Ресейде татар-монғол шапқыншылығы басталып, 15 ғасырға дейін жалғасты. Татар хандықтары құлағаннан кейін Ресей империясы – Ресейдің орталықтандырылған мемлекеті құрылды. Келесі ғасыр қиын-қыстау кезеңмен сипатталады, бұл литвалықтармен, шведтермен, поляктармен көптеген соғыстар кезеңі болды. Петр I кезінде Ресейге шетелдік шенеуніктердің енуі басталды. Олар барлық маңызды мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды, интеллигенция терең еуропаландырылды. 1917 жылғы төңкерістен кейін православие шіркеуі большевиктердің қудалауына, ал халықтың өзі көптеген қуғын — сүргінге ұшырады. Нәтижесінде орыс мәдениетінің елеулі бөлігі жоғалды. Қазір көп адамдар атеист, яғни ешбір діни наным-сенімдерді ұстанбайды.
Кәсібі
Ресейде негізгі кәсібі егіншілік пен мал шаруашылығы болды. Адамдар құнарлы жерлері бар өзен жағаларына қоныстанған. Оңтүстік аймақтарда ауыспалы егіншілік дамыды. Жерді өңдеудің бұл әдісімен бір жер жыртылып, 3-4 жыл жұмыс істеп, одан кейін тынығуға мүмкіндік беріп, келесі жер жыртылды. Орман алқаптарында егін шаруашылығ�� қолданылды. Ағаштар кесілді, содан кейін аумақ өртенді. Күл жерді құнарландырды, бұл өнімділікті арттырды. Ежелгі славяндар қара бидай, бидай, қарақұмық, арпа өсірді, кендір мен зығыр да өсірілді. Көкөніс шаруашылығы кең өріс алды. Барлық жерде қырыққабат, репа, топинамбур, қызылша, сәбіз өсірілді. Орта ғасырларда славяндар сиыр, жылқы, шошқа өсірген, қаз, тауық, үйрек ұстаған. Солтүстік аймақтарда терісі бағалы аңдар: бұлғын, сусар, түлкі, арктикалық түлкілер ауланды. Тері саудасы кең өріс алды. Қолөнердің ішінде дамығандары: керамика, ұсталық өнер, зергерлік бұйымдар өндірісі, ағаш өңдеу, тоқу, кесте тігу.
Ескі уақытта орыстар жер төлесі бар ағаш үйшіктер тұрғызған. Қос қабатты шатырларды тақтаймен жапқан, терезе жақтауларын ою-өрнекпен әшекейлеген. Әйнек жетіспегендіктен, терезені бұзаудың қарнымен керіп қоятын, кейін оны слюда алмастырды. Үйге түнде шырағдан жағып қоятын. Әдетте үй үш бөлікке бөлінетін: шөп қоятын жер қойма және пеш орналасқан жатын бөлме. Орыс ауласының ерекшелігі үйді қақпаның қасына емес, ішкерлей салған, бас қақпадан оған дейін жол жүретін. Аулаға әр түрлі шаруашылық құрылыстары көрік беріп тұратын. Үйдің биіктігі және ауланың кеңдігі қожайынның байлығын хабардар ететін.
Мәдениеті
Ресей мәдениеті ол христиандыққа дейін және Византия православие дәстүрінің келуіне 10-шы ғасырдан бастап Киев кезеңі деп аталатын славян ықпалынан мұралардан туды. XIV ғасырдан бастап моңғолдар ордасы азиялық әдет-ғұрыптың бір бөлігін аймаққа енгізді. Кейінірек, қазіргі кезде, бұл элементтердің барлығы Батыс Еуропада дамыған мәдениетпен біріктірілетін болады.
Мәдени тұрғыдан Ресей әртүрлі вариацияларды бастан кешірді. Кеңес Одағы кезінде көптеген дәстүрлер басылды. Қоғамның әр түрлі субъектілеріне мемлекеттің бақылау жасауы дін бостандығын санкциялады. Бұл 80-ші жылдардан бастап, түрлі мерекелер қайта басталып, сенім бостандығына қойылатын шектеулерді жоюға арналған орындар ашылды.
Дәстүрлі орыс ерлер киімі қисық жағалы көйлек болып табылады, оның сыртынан әдетте белбеумен буған.Сонымен қатар кенеп шалбар киіп жүрген. Қыста қалың шұғадан немесе барынша дөрекі шұғадан тігілген жағасыз (шекпен) шапан (армияқтар) жамылған. Шаруалардың көпшілігі шабатамен, мерекелерде етік киіп жүрген. Әдеттегі әйелдер киімі ұзын кенеп көйлек, оның жоғарғы жағын жемелекпен көмкерген. Суық мезгілде күртеше киген. Көне әйелдер бас киімі қарқара, кейіннен орамал мен шәлі салған. Орыстардың кеңінен таралған сыртқы киімі тон болып табылады. Кедейлер тонды қой немесе қоян терісінен тіксе, ауқатты адамдар тиін немесе сусар терісінен жасаған. Ал байлар – бұлғын немесе түлкі терісінен тігілген тон киген.
Ұлттық тағамдарға ботқа, қырыққабат сорпасы, тұшпара, құймақ, пирог, квас, окрошка, қара бидай наны, борщ, картоп құймақтары және басқалары жатады. Орыс асханасында көптеген ет түрлері қолданылады, мысалы шошқа еті, қой еті, тауық, қоян және т.б. Сонымен қатар кеңінен майдаланған ет қолданылады, яғни котлет, шұжық және одан басқа. Ең көп таралған ет өнімдері— буженине, шошқа бөлшегі толығымен пеште пісірілген. Дәстүрлі орыс сусыны квас пен бал болатын. Сыра, квас, брага шараптар көбіне таныс, алайда кейбір мәліметтерге сүйенсек сусындардың күштілігі 6 % аспайды.
Ұлттық аспаптары: Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш, Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап, Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап, Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап, Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап, Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап, Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар.
Қазақстандағы орыстар
Қазақстанға алғашқы болып келгендер казактар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекіністер мен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде қазақ әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді.
Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін казактар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады.
Қазақстанда орыстар көбінесе XIX—XX ғасырдағы көшіп-қонушылар мен мигранттардың, жер аударған жұмысшылар мен КСРО кезіндегі тұтқындалғандардың ұрпақтары болып табылады. Қазір мекен етіп жатқан орыстардың басым бөлігі Қазақстанға КОКП Орталық комитеті мен КСРО Үкіметінің шешімі бойынша көшіп келгендер болып табылады. Олар шахта жұмыстарына, тың игеруге, құрылыс жұмыстарына арнайы қоныс аударған.
Орыстар Қазақстан жерінде халық саны бойынша 2-орынды алатын этникалық топ, 2019 жылдың басында елдің халық санының 19,32 % құраған(3 553 232 адам). Басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында, сонымен қатар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында шоғырланған. Оңтүстік және батыс аумақтарда тек облыс орталықтарында кездеседі.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |