Шотландия
Шотландия (ағылш. Scotland, скотс. Scotland, шотл. Alba) — Ұлыбританияның құрамындағы ел, әкімшілік аймақ. XVII ғасырдың ортасына дейін тәуелсіз мемлекет болды. Ұлыбритания аралының солтүстік бөлігінен және оған жанасып жатқан ұсақ аралдардан, сондай-ақ Гебрид, Оркней және Шотланд аралдарынан құралады. Жер аумағы 78800кm². Халқы 6 млн-нан астам, негізінен шотландықтар. Әкімшілік-аумақтық жағынан 12 облыстан және 186 аралдан тұрады. Әкімшілік орталығы — Эдинбург қаласы. Мемлекеттік тілі — ағылшын тілі.
Шотландия ағылш. Scotland, скотс. Scotland | |||||
| |||||
Ұран: «In My Defens God Me Defend» | |||||
Әнұран: «Шотландия гүлі» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 843 б.з. | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | ағылшын, гэльттік және скотс тілдері | ||||
Елорда | Эдинбург | ||||
Ірі қалалары | Эдинбург, Глазго, Абердин, Данди | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік монархия | ||||
Монархы Бірінші Министр |
III Чарльз Хамза Юсаф | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
78,722[1] км² 3 | ||||
Жұрты • Сарап (2022) • Санақ (2022) • Тығыздығы |
5,439,842 адам 5,439,842 [2] адам 70 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
Этнохороним | шотландиялық, шотландиялықтар | ||||
Валютасы | Фунт стерлинг | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Телефон коды | +44 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC±0:00 |
Тарихы
өңдеуШотландия жерін біздің заманымыздан бұрынғы I ғасырда кельт тайпалары қоныстана бастады. Никтлер де Шотландияның ежелгі тұрғындары болып саналады. Біздің заманымыздың бас кезінде алғашқы мемлекет құрылымдар пайда болды. Шотландияға бірнеше рет римдіктер шабуыл жасады, бірақ жергілікті халық тарапынан табанды қарсылыққа ұшырады. V–VI ғасырларда Шотландияны Ирландиядан келген скоттар (“Шотландия”, Scotland – скоттар елі осы атаудан шыққан) қоныстанды. Оған қоса Британиядағы англ-сакс басқыншылығы (5 – 6 ғасырлар) кезінде бриттердің дені Шотландияға ығыстырылды. Шотландия королдігі - тәуелсіз мемлекет болып 854-жылдан 1707-жылға дейін созылды. XI ғасырдың 2-жартысында Шотландия Англиядағы норман басқыншыларының шабуылына ұшырады. Шотланд королі Малькольм ІІІ (1058 – 1093) норман үстемдігін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ шетелдіктерге қарсы Шотландия халқы бірнеше рет көтеріліске шықты (1130, 1131, 1161, 1175 жылдары). 1306 жылы Шотландияда Роберт Брюстің (1306 – 1329) басшылығымен кезекті көтеріліс басталды. Көтерілісшілер 1314 жылы 24 маусымда Баннокберн маңында болған шайқаста Эдуард ІІ бастаған ағылшын әскерін күл-талқан етті. 1323 жылғы көктемде Англия Шотландиямен бітім жасасып, I Робертті Шотландия королі деп таныды. 1328 жылғы қыркүйекте Нортхемптонда жасалған келісім бойынша Англия Шотландияның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. XIII ғасырдың соңы мен XIV ғасырдың басында шотланд парламенті құрылды. Бірте-бірте шотланд халқы қалыптасты. Бірақ XIV ғасырдың аяғында Шотландия соғыстарда Англиядан жеңіліп, қайтадан тәуелді елге айналды. XVI ғасырда Оңтүстік Шотландияда капиталистік қатынастар пайда болды, ал Солтүстік Шотландияда (таулы аймақтарында) ұзақ уақыт рулық қатынастар сақталды. XVI ғасырдың ортасында Шотландияда пресвитериандық түрдегі кальвинистік реформация өріс алып, жаңа парламент кальвинизмді мемлекеттік дін деп жариялады. Жоғарғы шіркеулік билік жергілікті синодтар мен шотландық бас ассамблеяның қолына шоғырланды. Ағылшын тағына Стюарттардың шотландық әулетінің бекуіне байланысты (1603) Шотландия жеке уния құрып, Англиямен бірікті. Абсолютті үкімет билікке келіп, Шотланд парламентінің құқығына шек қойылды. 1609 жылы епископтардың билігі күшейтілді. 1637 жылғы шілдеде Шотландияда Англияға қарсы көтеріліс басталды. Өкімет билігі іс жүзінде Мемлекеттік комитет қолына көшті. Король Карл І көтерілісті қарулы күшпен басуға тырысты. Шотландиялықтардың корольға қарсы соғысы Ағылшын революциясының (XVII ғасыр) басталуына түрткі болды. Революцияның алғашқы кезеңінде шотланд пресвитериан – ковенанторлары корольға қарсы ұзақ парламентпен одақ жасасты. Шотландия азамат соғысының ошағына айналды. Дегенмен, революцияның тереңдей түсуінен қорыққан дворяндық жоғарғы топтар 1647 жылы ағылшын королі Карл І-мен құпия келісім жасады. Англия жеріне кірген шотландиялықтар армиясы Престон маңында О.Кромвель басқарған әскерлерден күйрей жеңіліп (1648 жылғы 17–19 тамыз), түгелімен ағылшындарға берілді. 1650 жылғы 22 шілдеде Кромвель армиясы Шотландия жеріне басып кірді. 1651 жылы Вустер маңындағы шайқаста шотланд армиясы толық жеңілді. 1654 жылғы 12 сәуірде Шотландия Англиямен ресми түрде бірікті. 1707 жылғы уния бойынша Шотландия Англияға қосылып, шотланд парламенті жойылды. XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіп төңкерісі нәтижесінде Шотландияда жоғары дамыған өнеркәсіп пайда болып, тоқыма өндірісі тез дамыды. Жаңадан кен-металлургия және кеме жасау өнеркәсібі құрылды.
Оңтүстік Шотландия Ұлыбританияның өнеркәсіпті аудандарының біріне айналды. XIX ғасырдың бірінші жартысында елде жұмысшылар қозғалысы күшейді. Кәсіподақ ұйымдары (тред-юниондар) құрыла бастады. XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Шотландияның саяси өмірінде Либералдық партия жетекшілік рөл атқарды. 1-дүниежүзілік соғысы және онан кейінгі кезеңде елде халықтың тұрмысы нашарлап, жаппай ереуілдер жиі болып тұрды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Шотландияның халық бұқарасы фашистік басқыншыларға қарсы күреске белсене қатысты. Соғыстан кейін Шотландияда ұлттық мәселелер шиеленісіп, ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде 1999 жылғы Шотландия парламенті қайта құрылды. Статистикаға сәйкес, қызыл шашты адамдарды көбінесе Шотландияның оңтүстік-шығысында көруге болады, онда бүкіл әлемдегі отты адамдард��ң 40% -ы шоғырланған. Бұл аймақ тұрғындарының бұл ерекшелігі кездейсоқ емес. Бұл бұлтты ауа-райына байланысты күн сәулесінің тұрақты түрде жетіспеуімен байланысты. Бірақ қызыл шаштар шаштың түсі әртүрлі адамдарға қарағанда D дәрумені көбірек болатынына сене алады.[3]
Əкімшілік бөлінуі
өңдеуТарихи жолмен Шотландияның әкімшілік-құқықтық бөлімі графтық, облыс, округ, приходтар, мормэрлер мен өзге де әкімшілік бірліктерді қамтиды. Осы тарихи облыстардың атаулары бұрынғыдай кейде географиялық анықтамаларда әлі күнге дейін қолданылады.
1996 жылы Ұлыбритания Парламентінің шешімі бойынша Шотландия 32 округке (муниципалитетке) (ағыл. Council area) бөлінген, оның муниципалдық кеңестері барлық жергілікті қызметтердің жұмысына жауапты. Аудандық кеңестер (ағыл. Community council) муниципалитеттерді ұсынатын бейресми ұйымдар болып табылады.
Шотландия Парламенті тұрғысынан 73 сайлау округ және 8 аймақ бар. Ал Британ Парламенті тұрғысынан 59 сайлау округтері бар. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметтері 1975 жылы енгізілген Шотландияның бөлінуіне негізделген. Жедел жәрдем мен поштаның Шотландия аудандарына бөлуінде өз жолдары бұрыннан бері бар.
Шотландиядағы қаланың мәртебесі арнайы патент граматасымен (ағыл. letters patent) құпталады. Шотландияда небəрі 6 қала бар: Абердин, Данди, Эдинбург, Глазго, Стерлинг және жақында Инвернесс.
Өнеркәсібі
өңдеуШотландия Ұлыбританиядағы көмір-металлургиялық аудандардың бірі. Көмір, мұнай, гранит, уран, алюминий, боксит өндіріледі. Қара және түсті металлургия, тоқыма, авиация, энергетика, автомобиль жасау, сыра қайнату, полиграфия өнеркәсіп орындары, кеме жасау верфтері бар. Басты өнеркәсіп орт-тары Глазго, Эдинбург, Абердин қалалары. Мал шаруашылығы (сауын сиыр, шошқа) мен үй құстарын өсіру өркендеген. [4] [5]
Тағы қараңыз
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ Scotland in short (ағыл.) (pdf). gov.scot (17 February 2003). Тексерілді, 6 желтоқсан 2015.
- ↑ https://www.scotlandscensus.gov.uk/2022-results/scotland-s-census-2022-quality-assurance-reports/quality-assurance-report-unrounded-population-estimates-and-ethnic-group-national-identity-language-and-religion-topic-data/
- ↑ Шотландия туралы ТОП 10 ең қызықты фактілер.
- ↑ Азимов А., История Англии. От ледникового периода до Великой хартии вольностей, М., 2004.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |