Аққыстау ауылдық округі
Аққыстау ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік.
Қазақстан ауылдық округі | |
Аққыстау ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді |
3 ауыл |
Тұрғыны (2021) |
▲10267 |
Жер аумағы | |
Әкімі |
Ғаділ Махуұлы Боранбаев |
Округ әкімдігінің мекенжайы |
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, №12А |
Уақыт белдеуі | |
Автомобиль коды |
06 |
Әкімшілік құрамы
өңдеуҚұрамына Аққыстау, Өркен ауылдары және №17-темір жол айрығы кіреді. Орталығы – Аққыстау ауылы.[2]. Есіркеп, Шыныбек ауылдары 2007 жылдан бастап Аққыстау селосының құрамына енгізілген.[3]
Халқы
өңдеу2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 10267 адамды құрайды.[4]
Елді мекен | Халқы, адам (1989) |
Халқы, адам (1999) |
Халқы, адам (2009) |
Халқы, адам (2021) |
---|---|---|---|---|
Аққыстау | 4584 | 6236 | 7717 | 8880 |
Есіркеп | 118 | 137 | - | |
Өркен | 306 | 207 | 546 | 1050 |
Шыныбек | 70 | 108 | - | |
№17 разъезд | 357 | 408 | 388 | 337 |
Географиялық орны
өңдеуСолтүстігінде Тұщықұдық, батысында Жанбай, шығысында Қамысқала ауылдық округтерімен шектессе, оңтүстігін Каспий теңізі шайып жатыр.
Тарихы
өңдеу1990 жылғы ҚР «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» Заңына сәйкес Аққыстау селолық округі болып, Аққыстау қала типтес поселкесі статусын қабылдады. Алайда арада аз уақыт өткенде Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлінісі мәселелерін шешудің тәртібі туралы Ереже негізінде 1993 жылғы 3 наурыз күні Аққыстау қала типтес поселкесін селолық елді мекен жүйесіне жатқызу туралы облыс әкімі С.Түгелбаевтың шешімі жарық көрді.
Сипаттамасы
өңдеуАққыстау ауылдық округі жер көлемі 30 000 га. Ауылдағы 10 610 тұрғын Аққыстау, Өркен және Томан елді мекендеріне топтастырылған. Олардың 875-і зейнеткерлер, 275-і мүгедектер категориясын құрайды. Ауыл тұрғындары мұнай кәсіпшілігінде, теміржол саласында, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйелерінде қызмет жасайды.
Әлеуметтік нысандары
өңдеуОкруг бойынша 4 мектеп, 5 балабақша, саз және спорт мектептері, 2 мәдениет үйі, 5 кітапхана, емхана, 2 спорт кешені, т.б. әлеуметтік нысандар халыққа қызмет жасап келеді.
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік
өңдеуКәсіпкерлік салада 104 нысан тіркелініп, онда еңбек жасайтындар саны 1000 адамға жетті. 6 мейрамхана, 3 жанар-жағармай стансасы, 2 сауда орталығы, дәріханалар мен дүкендер, техникалық қызмет көрсету стансалары да халық сұранысына сай қызмет жасауда (2018). Округ бойынша 18 шаруа қожалығы тіркелініп, халықты ет пен сүт тағамдарымен қамтып келеді. Село орталығындағы «Зейнеден Ата» мешіті тұрғындарды имандылық пен руханиятқа тәрбиелеуде белсенді қызметімен танылуда. Округ территориясында мемлекет қорғауындағы Таскран тарихи ескерткіші орналасқан.[5]
Селолық кеңес төрағалары, округ әкімдері:
өңдеу- Дәулет Әбілхайыров;
- Меңсұлу Кемелова;
- Сәндібек Ғұбайдуллин;
- Боранбай Халидуллин;
- Рахметқали Жұбанов;
- Мәди Тахаев;
- Қамария Танауова;
- Насыр Дауылбаев;
- Ғаділ Боранбаев;
- Махамбет Ғилимов;
- Таупих Маштахов;
- Мүтиғолла Насиханов;
- Әліби Хайдаров;
- Ғаділ Боранбаев.
Аққыстау ауылдық округінің жер-су атаулары
өңдеу- Айғана — Нарын құмының жиегінде орналасқан алқап. Аудан орталығы Аққыстау ауылының солтүстік-батыс жағында 70 км жерде, №12 теміржол бекетінің арқа тұсында.
- Байшақа — өзек. Атырау қаласы мен Аққыстау ауылы аралығындағь жолаушылардың аялдап, демалып өтетін мекен-тұрағы. Атырау-Астрахан автомобиль жолы салынғанша Байшақаның бекеттік маңызы зор болды.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Исатай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы", X том
- ↑ Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Исатай ауданы, Алматы "Сардар", 2018 ISBN 978-601-80678-6-0