Кітапхана
Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.
- Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.
- Ғылыми және арнаулы кітапханалар, ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.[2]
Кітапхана ісін жоспарлау
өңдеуКітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.
Кітапхана ресурстарын жоспарлау
өңдеуКітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың (мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын жоспарлау.[3][4]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
- ↑ “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8