Өзбекстан Футбол Қауымдастығы
Өзбекстан Футбол Қауымдастығы (өзб. O'zbekiston futbol assotsiatsiyasi / Ўзбекистон футбол ассоциацияси) — Өзбекстан футболын бақылайтын, басқаратын ұйым. Штаб пәтері Ташкент қаласындағы Өзбекстан көшесі, 98А үйде орналасқан. Президенті — Ачилбай Раматов.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өзбекстандағы футбол ұйымы алғаш рет 1946 жылы "Өзбек ССР-і Футбол Федерациясы" деген атаумен КСРО Футбол Федерациясының бөлімі ретінде құрылды. Тәуелсіздік алғаннан соң 1992 жылы Өзбекстан Футбол Федерациясы деген атпен қайта жаңартылды. 1994 жылы ФИФА мен АФК-ға мүше болды. Федерация УЕФА-ға мүше болуға мүмкіндігі бар болса да, белгісіз себептермен Азия құрлығын таңдады (УЕФА басшылығы КСРОдан бөлінген мемлекеттердің бәріне де Еуропалық ұйымға қабылдануға рұқсат берген болатын).
1994 жылы тиісті ұйымдарға қабылданған болса да құрама 1992 жылдан ресми жолдастық кездесулер өткізе бастады. 1997-2013 жылдар аралығында Орталық және Оңтүстік Азия Футбол Федерациясына мүше болды. 2014 жылы Иран, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Өзбекстан құрамаларын біріктіретін жаңа ашылған субфедерация — Орталық Азия Футбол Федерациясының тізіміне енді.
Қауымдастыққа әрбір облыстың футбол федерациялары бағынады.
Құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қауымдастықты президент басқарады. Қазіргі президенті Ачилбай Раматов 2018 жылдың 25 қаңтарында тағайындалды. Вице-перзидентері — Шоакрам Исроилов, Пулат Бободжонов.
Қауымдастықтың басқа да мүшелері: Рустам Курбонов, Бобур Шодиев, Мурод Алиев, Мансур Раджабов, Комил Ярашев және Наримон Джалолов.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ФИФА «Fair play» (адал ойын үшін) жүлдесі: 2013
Жетекшілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ЖЖ | Президент |
---|---|
1992—1994 | Эльмар Аминов |
1995—2005 | Закир Алматов |
2006—2017 | Мираброр Усманов |
2017—2018 | Умид Ахмаджанов |
2018— | Ачилбай Раматов |
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайты Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2010 жылы.