Қызыларық
Ауыл | |
Қызыларық | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
42°38′52″ с. е. 70°58′34″ ш. б. / 42.64778° с. е. 70.97611° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°38′52″ с. е. 70°58′34″ ш. б. / 42.64778° с. е. 70.97611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲524 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
08 |
Қызыларық шекарасы
|
Қызыларық — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Қызыларық ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
499 | ▲524 | 105 | 260 | ▲269 | 103,5 | 239 | ▲255 | 106,7 |
Ауыл маңы табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шолақ бұлақ - ауылдың күн батыс жағында терең сай бар, сол сайдың басында 2-3 жерден ботаның көзіндей мөлдіреп тұнық бастаулар жер астынан бұрқ-бұрқ етіп қайнап шығып жатады. Осынау бастаулардың суы сай табанымен төмен қарай құлдилай жүгіріп, бұлаққа айналады. Мұны таза бұлақ деп атаса да болар еді. Алайда жергілікті халық бас тауда, сонау алыстан емес, ауыл іргесінен басталатындықтан "Шолақ бұлақ" деп атапты. Бұлақ суы Қызыларық, Сұрым елді мекендерінің бау-бақшаларын нәрлендіріп, сол оңірге өмір сыйлап жатқан қасиетті су.
Аққорған - ауылдың оңтүстік жағындағы ескі ауылдың орны осылай аталады. Шын мәнінде бұл тарихи орынның бірі.
Өткен ғасырларда Ташкенттен шығысқа қарай Орта Азияға керуендер мен жүргіншілердің жүретін қосалқы жолының бірі осы жермен өтеді екен. Бұл жол Қаратау жотасынан асып барып, Әулиеата маңында "Жібек жолына" қосылған. "Аққорған" деген жерде жолаушылар тоқтап, көліктерін тынықтырып, өздері қонып, демалатын бекет болған көрінеді. Қауіпсіз болу үшін сол бекетті айналдыра ақ кірпіштен қорған салынған. Қорғанның орны мұндаға дейін сақталды. Кейін әскери ведомствоға қарайтын кеңшар осынау тарихи орынды тегістеп, егіс алқабына айнаалдырды.
Жалғыз тал - Аққорған маңындағы мекен. Бұл сол маңда өсіп тұрған діңінің жуандығына 5-6 адамның құшағы әрең жететін алып ағашқа байланысты аталған. Айдалада 2 ғасырдан астам өсіп тұр. 19 ғасырда Жанып деген елге белгілі кісі дүниеден қайтқанда жуындырған жеріне белгі ретінде қадаған бұтақтан өскен.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
|