Қосжұпаяқтылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қосжұпаяқтылар

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар (Arthropoda)
Кіші жамағаты: Қосжұпаяқтылар (Diplopoda)

Қосжұпаяқтылар (лат. Diplopoda)[1]көпаяқтылар класының бір класс тармағы. Жер бетінде кең таралған (тек Антарктидада кездеспейді). 50 мыңға жуық түрі белгілі. Шіріген органикалық қалдықтармен және детритпен (өлексе) қоректенеді. Бұлар орманды жерлердің топырағын түзуде және оны минералмен құнартуда маңызды рөл атқарады. Кейбіреулері өсімдіктердің тамырын зақымдап, зиян келтіреді.

Дене құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[2]

  • Дене тұрқы цилиндр пішінді, дөңес-шығыңқы немесе шар тәрізді қалың хитинді кутикуламен қапталған.
  • Аяғы 12 жұптан (шыбыққұйрықтыларда) 375 жұпқа дейін (тропиктік кивсяктарда) жетеді. Алдыңғы 2 – 4 сегментінде аяғы 1 жұптан, қалғандарында қос жұптан болады (аталуы осыған байланысты шыққан).
  • Көп түрінде денесінің әрбір сегментінде орналасқан 1 – 2 улы бездері қорғаныш қызметін атқарады.
  • Дамуы анаморфоз немесе гемианаморфоз жолымен өтеді.

Классификациясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қосжұпаяқтылардың 13 отряды бар, соның ішінде табиғатта көп таралғандары:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
  2. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5