Мазмұнға өту

Қойтас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Қойтас (айрық) деген бетті қараңыз.
  • палеолит тас дәуірінің қоныс орны. Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы Қойтас мекенінде орналасқан. Қойтастан жиналған тас құралдар ежелгі адамдар Сарыарқаны палеолит дәуірінде мекендегенін айғақтайды.
  • дәстүрлі діни қабірүсті ескерткіштерінің бір түрі. Қойтастар діни сәулет өнерінде ең көп тараған ескерткіштер түріне жатады. Әдетте Қойтас табантасқа орнатылады, оның тұрқы жұмыр, төртбұрышты, ер сияқты және «желкен тәрізді» түрлері болады. Қойтастарға ою-өрнектер сызық жүргізу немесе қашалып түсірілу арқылы жүзеге асырылады. Қойтастың дене-тұрқына араб әрпімен эпитафиялар мен рулық таңбалар жазылып, кейбірі үштас, бестас, сандықтасқа орнатылады. Орта ғасырларда қойылған Қойтастардың алдыңғы жағынан біртұтас тастан ойылып жасалған шырағдан орнататын болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Қойтастан жиналған тас құралдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1962 ж. геолог В.С. Тапцырев тапқан. Жинастырылған 86 тас құралдар сары, қоңырқай, ашық-сұр түсті халцедоннан дайындалған. Жинақта��адағы (коллекциядағы) өзектастар өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Оларды өңдеу дайындаманың екі жағынан жүргізілген.

Сурет:Қойтастан табылған қол шапқылар.jpg
Қойтастан табылған қол шапқылар.jpg

Қойлықтан жиналған тас құралдар ежелгі адамдар Сарыарқаны палеолит дәуірінде мекендегенін айғактайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8