Маңғыстау энциклопедиясы
Маңғыстау энциклопедиясы | |
Жанры | энциклопедия |
---|---|
Түпнұсқасы | |
Тілі | қазақ |
Жарияланған уақыты | 1997 |
Қазақша басылым | |
Баспасы | Атамұра |
ISBN | 5-89800-123-9 |
өңдеу |
«Маңғыстау» энциклопедиясы - «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия және«Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясының аясында Маңғыстау өңіріне арналған энциклопедиялық басылым.
Аталған энциклопедияда Маңғыстау облысының табиғаты мен қазба байлығы, осы өңірдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихы мен мәдениеті, шаруашылығы мен өндірісі, экономикалық байланыстары, ел есіндегі елеулі адамдары, ежелгі ескерткіш-мұралары мен өрісті өнері туралы мәліметтер қамтылған.
Энциклопедия 1997 жылы Алматы қаласы «Атамұра» баспасынан 30 000 данамен жарық көрді. Көлемі 36,17 бас таралған. Бас редакторы – Ә.Кекілбаев, редактордың орынбасары Д.Әріпов. Энциклопедияның бас кеңесшісі және жауапты редакторы Қ.Сыдиықұлы болды[1].
Басылым Маңғыстау облысының 35 жыл толуына орай жаңа деректермен толықтырылып 2008 жылы қайта басылып шықты.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |