Ғарыштық жылдамдық
Ғарыштық жылдамдық (алғашқы vv1, екінші vv2, үшінші vv3 және төртінші v -v4) — аспан денесінің бетінен еркін қозғалыста қандай да бір дененің:
- v1 (айналым жылдамдығы) - аспан денесінің серігіне айнала алатын ;
- v2 (параболалық жылдамдық) — аспан денесінің гравитациялық тартылысты жеңіп, иерархиядағы біріншілік дене гравитациялық өрісіне көшетін;
- v3 — жұлдыз тартылысын еңсеріп, планеталық жүйеден шыға алатын;
- v4 — галактиканы қалдыра алатын ең аз жылдамдық.
Үшінші және төртінші ғарыштық жылдамдықтары өте сирек пайдаланылады. Екінші ғарыштық жылдамдық, әдетте, қандай да бір болмасын басқа аспан денелерінің жоқ болу шарттарында пайымдалады (мысалы, Айдың "жүгіру" жылдамдығы 2,4 км/с тең,оған қарамастан, дененің Айдың бетінен шексіздікке алыстауына алғашында Жер, Күн мен Құс Жолы галактикасының тартылыс күшін жеңуі қажет). Кейбір ақпарат көздерінде "бесінші ғарыштық жылдамдық" деген ұғым кездеседі. Бұл - жұлдыздар жүйесіндегі эклиптика жазықтықтарының әртүрлілігіне тәуелсіз басқа планетаға планеталардың жетуге мүмкіндік беретін жылдамдық. Мысалы, Күн жүйесі, нақтырақ айтсақ, Жер үшін,планетааралық ұшу орбитасы Жер орбитасына перпендикуляр болуы үшін секундына 43,6 километр ұшыру жылдамдығы қажет.
Бірінші және екінші ғарыштық жылдамдықтар арасында қарапайым қатынас сақталады:
Айналма жылдамдығының квадраты (алғашқы ғарыштық жылдамдықтың) аспан денесінің бетінде жоғары дәлдікпен Φ- Ньютон потенциалына тең (шексіздікте нөлдік потенциалды таңдау кезінде):
мұндағы MM — ғаламшардың массасы, RR — аспан денесінің радиусы, GG — гравитациялық тұрақты.
"Жүгірме" жылдамдық квадраты (екінші ғарыштық жылдамдықтың) кері таңбасымен алынған Ньютон потенциалының екіге көбейтіндісіне тең:
Бірінші және екінші ғарыштық жылдамдық әртүрлі объектілер үшін
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аспан денесі | Салмағы (Жер салмағына қатынасы бойынша) | v1, км/с | v2, км/с |
---|---|---|---|
Ай | 0,0123 | 1,680 | 2,375 |
Меркурий | 0,055 | 3,05 | 4,3 |
Марс | 0,108 | 3,546 | 5,0 |
Венера | 0,82 | 7,356 | 10,22 |
Жер | 1 | 7,91 | 11,2 |
Уран | 14,5 | 15,6 | 22,0 |
Нептун | 17,5 | 16,7 | 24,0 |
Сатурн | 95,3 | 25 | 36,0 |
Юпитер | 318,3 | 43 | 61,0 |
Күн | 333 000 | 436,7 | 617,7 |
Сүмбіле | 325 675 | 4 711,8 | 6 663,5 |
Нейтрондық жұлдыз | 666 000 | 200 000 | |
Қара тесік | 832 500 — 5,6×1015 | > 299 792 |
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бірінші ғарыштық жылдамдық
- Екінші ғарыштық жылдамдық
- Үшінші ғарыштық жылдамдық
- Төртінші ғарыштық жылдамдық
- Ғарыш аппараты
- Звездолет
- Орбиталық жылдамдығы