Шәңкіш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шәңкіш
Viburnum opulus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Dipsacales
Тұқымдасы: Adoxaceae
Тегі: Viburnum
Карл Линней
түрлері

150–175 түрі белгілі

Шәңкіш (→ Шәңгіш)[1] (лат. Viburnum) – байсаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш.

Биіктігі 1,5 — 4 м-ге жетеді. Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ, сопақша, кейде дөңгеленіп келген. Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3 не 5 тісті, күлтелері қоңырау тәрізді, ақ немесе қызыл түсті. Жәндіктермен тозаңданады. Мамыршілде айларында гүлдеп, тамызқыркүйекте жеміс салады. * Жемісі — қызыл түсті сүйекше.

Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда, негізінен Еуразия мен Солтүстік Америкада өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпақ жапырақты және аралас ормандарында, бұлақ, өзен-көл жағалауларда, сайлы, батпақты жерлер мен тау беткейлерінде 1 түрі — кәдімгі шәңкіш кездеседі.

Ерекше күтімді қажет етпейді, бақтың кез келген топырағында өсе береді. Өсімдіктің барлық түрінің артық бұталарын гүлдеп болған соң кесіп тұру керек. Гүлінің орнына күзге таман қып-қызыл жемістері пайда болады.

Көбейтілуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұқымы арқылы көбейтуге болады. Бірақ оңай, әрі тиімді жолы қалемше және түбінен өсіп шыққан жас көшеттерін бөлу арқылы көбейту[2].

Емдік қасиеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында — вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады:

  • Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйкені тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді, несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады.
  • Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады.
  • Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
  2. Қ 74 Құлжабаева Г. Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. — Алматы, 2011. — 16 б.; ISBN 978-601-7237-31-8.
  3. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]