Мазмұнға өту

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шығыс Қазақстан облыстық жастар драма театры
Бұрынғы атауы

"Халық үйі"

Жалпы мәлімет
Статусы

Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші

Мекен жайы

Тоқтаров көшесі, 47а.

Орналасқан қала

Өскемен

Құрылысы басталды

1902 жыл

Картада орналасуы
Шығыс Қазақстан облыстық жастар драма театры (Қазақстан)
Шығыс Қазақстан облыстық жастар драма театры

Координаттар: 49°56′50″ с. е. 82°37′22″ ш. б. / 49.94722° с. е. 82.62278° ш. б. / 49.94722; 82.62278 (G) (O) (Я)

Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрыШығыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Өскемен қаласындағы мәдени-шығармашылық мекеме – қала тұрғындарының келу көрсеткіші жоғары болып саналатын мәдени сәулет орталығы, бір ғасырдан астам тарихы бар мәдени ескерткіш.

Ғимарат сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғимарат О.Ф. Костюрин мен басқа жер аударылған халық қамын жеушілердің бастамасымен жергілікті халықтың қайырымдылыққа берген қаражаты есебінен тұрғызылып, алғашында «Халық үйі» деп аталған. Құрылған кезінен бастап ол қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына айналды. Театр ғимаратында модерн стилінің нышандары басым, оны сызбасын симметриялы емес еркін жобада жасау мен қасбетті әрлендіруден көруге болады. Архитектуралық құрама бөліктердің - аркалы терезелер, шатырдың бұрыштарындағы кішігірім мұнаралардың көптігі ғимаратты өте пластикалы және мәнерлі етеді.[1]

Жамбыл театры ғимаратының кірпіші 1902 жылы қаланған. Мұнда болған оқиғалар халықтың және толықтай өңірдің тағдырына үлкен маңыз берді. Алғашқы уақытта бұл ғимарат Халық Үйі деп аталған болатын. Осылайша, 1902 жылдың 26 қазанында Халық үйі ғимаратының алғашқы ашылуы болды. 2002 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Жамбыл атындағы драма театр ғимаратына 100 жыл толды. Халық үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына айналды. Сахнада қойылған бірінші пьесаның аты – «Жұмыстық слобода» болды. Тұрақты кәсіби театр болмағандықтан, 1935 жылы қалалықтар М.И. Калининге труппа қалыптастыруға көмек көрсеуге өтініш білдірді. Өтініш қабылданып, 1936 жылдың қаң��арында Н. Гогольдың үйлену спектаклімен бірінші театрлық маусым ашылды. Театрдың жанында 15 адамнан тұратын қазақ ұлттық драмма үйірмесі ұйымдастырылды. Оның труппасында Г. Гребенщиковтың «Сүйкімді жігіт», ұлттық эпос мативы бойынша Н. Анненкова-Бернардың «Қамал» драмасы сияқты спектакльдер болған.
1939 жылы Шығыс Қазақстан өз бетімен облыс болып бөлінді және Өскемен қалалық театры облыстық дәрежені иеленді.
1941 жылдың маусымында театр ғимараты фашистік Германияны жеңу үшін барлық күшті жұмылдыру орталығы болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары және соғыстан кейінгі онжылдық тарих бетіне жанкешті еңбек және театрлық ерлік ретінде кірді. Жылусыз, алайда көрерменге лық толы театр залында жеңіске сенімді нығайтуға күш-жігер беретін спектакльдер өтетін – «Орыс адамдары», «Шапқыншылық», «Ленинград қабырғасында» және т.б.

1946 жылдың шілдесінде Өскемен қалалық атқару комитетінің шешімімен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, облыстық драма театр��а қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың аты берілді. Сол кездегі театр репертуарында орыс және шет ел классикасына үлкен көңіл бөлінетін. Көп жылдар бойы театрда сахна өнерпаздары, ҚР еңбегі сіңген артістері, мәдениет қызметкерлері жұмыс істеген және істеп келеді.

2000 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында қазақ труппасы ашылды. Труппа ең алғашқы маусымын Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» спектаклімен ашты.

2012 жылдың мамыр-маусым айлары кезінде Татарстандағы Қазан қаласында өткен 10 халықаралық түркітілдес халықтарының «Науруз» фестивалінде Татарстан Республикасының мәдениет министрі А.М.Сигабатуллиннің дипломымен және Татарстан Республикасының президентінен Алғыс хатпен марапатталды.

Қазақ труппасының әртістері: Кабдуллина Диляра, Аргынбекова Майра, Алпыспаев Сырым, Ниязбеков Қанатбек, Кумарова Мадина, Хамзин Аманжол, Бақтыбаева Гульбақыт, Хасенов Ертай, Серкетаев Жасулан, Калык Хамит, Копабаева Сайраш, Дузбаев Турсынбек, Салбанов Айдын, Маратбек Сырым, Масабекова Жанар, Бадыганов Төлеухан, Исина Мадина.

Орыс труппасының әртістері: Кошкин Валерий, Заворыкин Павел, Савин Юрий, Гремина Татьяна, Муравицкий Владимир, Латфи Алла, Коблова Тамара, Нохрина Анастасия, Ястребов Вадим, Егоров Алексей, Воронина Татьяна, Тюлюбаева Дина, Горбанев Максим, Соколова Марина, Коровина Надежда, Засорин Сергей, Красикова Ирина, Пятов Евгений, Снегирова Наталья, Волобуева Юлия, Степанова Светлана, Пак Варвара, Снегиров Игорь.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9