Тернополь облысы
Көрініс
Тернополь облысы (укр. Тернопільська область) — Украинаның батысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. 1939 жылы 4 желтоқсанда құрылды. Облыс орталығы - Тернополь қаласы. 1944 жылдың 9 тамызына дейін ол Тарнополь облысы (орталығы — Тарнополь қаласы) деп аталды. Географиялық жағынан Подольск таулы аймағында орналасқан. Тернополь облысының оңтүстік шекарасы Днестр өзенінің бойымен, шығыс шекарасы Збруч өзенінің бойымен өтеді.
Солтүстігінде Ровно, шығысында Хмельницкий, оңтүстігінде Черновцы, оңтүстік-батысында Ивано-Франковск, солтүстік-батысында Львов облыстарымен шектеседі. Ауданы 13 824 км², халқы 1 021 048 адам (2022).
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|