Мазмұнға өту

Таусағыз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Таусағыз
күрең таусағыз
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Cichorioideae
Тайпасы: Cichorieae
Кіші тайпасы: Scorzonerinae
Тегі: Scorzonera
Карл Линней
түрлері

200 түрі белгілі

Таусағыз (лат. Scorzonera) – астралылар тұқымдасына жататын көп, кейде екі жылдық шөптесін өсімдіктер не жартылай бұта.


Негізінен Орталығы Еуропадан Шығыс Азияға (оның ішінде Орталық Азия мен Кавказ) дейінгі құрғақ аудандарда өсетін 170-тей түрі бар. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола облыстарында, Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауларында, Кетпен тауында тараған 28 түрі бар. Қиыршық тасты тау баурайында, далалы, сортаң топырақты, шалғынды, құмды жерлерде өседі. Биіктігі 3 – 50, кейде 70 – 90 см. Тамыры жуандап, түйнекке айналған. Сабағы түзу, тықыр не түкті. Жапырақтары таспа тәрізді, ұзын, жиектері бүтін, кезектесіп орналасады. Тілшік тәрізді ірі гүлдерінің түсі сары, кейде қызыл және күлгін болады, жоғары жағы қиықты, 5 тісті, тозаңқаптары түбінде жебе, гүл шоғы цилиндр тәрізді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Жемісі – дәнек. Құрамында каучук бар реликті түр – кәдімгі Таусағыз (S. tau-caghys) жойылып бара жатқан эндемик. Хантау Таусағызының (S. chantavіca) 2 түрі де қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы