Дәнек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дәнек (Caryopsіs) – астық тұқымдасы өсімдіктердің қақырамайтын бір тұқымды құрғақ жемісі. Жемістің сыртындағы жеміссерігі өте жұқа жарғақ тәрізді, тұқым қауызымен тұтасып бітісіп кеткен. Өсімдік түріне қарай дәнектің пішіні дөңгелек (шар тәрізді – тарыда), жіңішке ұзынша цилиндр тәрізді (көде немесе бозда). Бамбук дәнегінің жеміссерігі қалың шырынды немесе жаңғақ тәрізді қатты, тұқымымен бірікпеген. Бидай мен қарабидай дәнегінің сырты жылтыр, қабыршақсыз, арпа, сұлы, күріште гүлқабыршағымен қапталған.[1]Айрауық, қамыс дәнектерінің сырты үлпекті, боз дәнегінде қауырсынды өскіншесі болады. Ұрық дәнектің эндоспермасындағы борпылдақ, қатты ақуыз және маймен қоректенеді. Дәнектің сыртындағы үлпектері мен қауырсынды өскіншелері алысқа таралуға көмектеседі. Дәнек – тамақ өнеркәсібінің негізі, бидай,арпа, жүгері, тары, күріштенұн, жарма жасалады, қауызы малға азық.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том