Сүттіген

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сүттіген
Euphorbia cf. serrata'
Euphorbia cf. serrata'
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Malpighiales
Тұқымдасы: Euphorbiaceae
Кіші тұқымдасы: Euphorbioideae
Тайпасы: Euphorbieae
Кіші тайпасы: Euphorbiinae
Griseb.
Тегі: Euphorbia
Карл Линней
түрлері

2160 түрі белгілі

Сүттіген (ағылш. Euphorbia) – сүттіген тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер мен шала бұталар.

Биіктігі 15 – 20 см, тамыры тармақталып, сабағы тік өседі. Қандауыр тәрізді жапырағы бүтін жиекті. Гүлдері дара жынысты, жасылдау сарғыш түсті. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – үш ұялы қауашақ. Сүттігеннің көпшілік түрінің сабағы сүтті, шырынды болады, кейбіреуінің ұрығында іш өткізетін май бар. Өте улы өсімдік. Көкшіл сүттіген (Е. helіoscopіa) – дәрілік өсімдік. Халық медицинасында сүттігенді іш өткізетін, несеп жүргізетін және ішек құртын түсіретін, сондай-ақ қатерлі ісіктерді емдейтін дәрі ретінде қолданады. Сүттігенді аса сақтықпен пайдаланған жөн, көп мөлшері ауыр асқынуларға, шырыны көздің, еріннің, мұрынның, жыныс мүшелерінің шырынды қабатына зиянды. 2 түрі: берік сүттіген (Е. sclerocyathіum) және Ярослав сүттігені (Е. jaroslavіі) – өте сирек кездесетін өсімдіктер ретінде қорғауға алынып, ҚазақстанныңҚызыл кітабына” енгізілген[1]

Табиғатта таралуы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыстың барлық аймақтарында өсетін 52 түрі бар. Соның ішінде, әсіресе талшық сүттігені (Т. vіrgata) республиканың орманды, шалғынды жерлерінде, егістіктерінде жиі кездесетін арамшөп. Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарының ормандары мен жабайы бұталарының арасында, құмды, сортаң, шөлейіт жерлерде өседі. Сүттігеннің өте қауіптілері – түйе сүттігені, құм сүттігені, күнбағыс сүттігені деп аталады. Дәрілік шикізат ретінде жиналмайды, мүмкіндігінше жайылымдарды тазарту үшін оларды тамырымен жұлып алып тастаған дұрыс. Ал қотырға, қышымаға қарсы қолданылатын дәрі тапшы кезде оның шөбінің тұнбасымен (1:20) осы аруларды емдеуге болады. Бірақ сақтық шараларын бұлжытпай орындау қажет.

Химиялық құрамы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сүттіген шөбінің құрамында іш өткізетін май, сондай – ақ эуфорбин қышқылының улы тотығы, шайырлы және органикалық заттар, аздаған алколоидтар болады.

Малдың улануы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жалпы сүттігенді мал жемейді. Бірақ жазда дайындалған пішен арасында сүттіген шөбінің араласып кетуі ықтимал. Қыс айларында осындай шөппен азықтандырған мал уланып қалады. Уланған малдың асқазан – ішегі зақымданып, қабынады, іші өтеді, тәбеті қашады. У денеге әбден тараған кезде оның зәріне қан араласады. Аузынан шұбырып көбікті сілекей ағады, тыныс алу органдары мен жүрек жұмысы нашарлайды. Дер кезінде емдемесе уланған мал 1 – 2 күнде өледі. Уланған малға алғашқы жәрдем – оның асқазынын марганцовканың әлсіз ертіндісімен жуу болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. .«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Сүттіген — "Қайнар", 1988. — Б. 227-228. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.