Сүттіген тұқымдасы
Сүттігендер | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Aleurites moluccana
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Subfamilies | ||||||||||
Сүттіген тұ��ымдасы (лат. Euphorbiaceae) – қос жарнақты, сүт шырынды ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. Негізінен жылы аймақтарда, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдемдерде кездесетін 300-дей туысы, 7,5 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 4 туысы, 58 түрі бар. Сабағы тік өседі, жапырақтары тегіс жиекті немесе қалқанша тәрізді, кезектесіп не қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көбінесе бір үйлі, дара жынысты, масақша не шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Аналықтары жеміс-жиекті (түйін жиегін бойлай тұтаса өсетін бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзіледі). Жәндіктермен, кейде құстармен не желмен тозаңданады. Жемісі әдетте қауашақ, піскенде қақырап ашылып, тұқымы шашылады. Тұқымында өте көп эндосперм (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа) болады. Сүттіген тұқымдасының көптеген түрі өте пайдалы. Мысалы, гевеядан каучук, кротоннан шайыр алынады; кенедән мен тунг – майлы өсімдіктер; маниок тағам ретінде қолданылады. Кейбір түрі медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Сүттіген тұқымдасын әсемдік үшін (оранжереяларда, үйде, бақта) де өсіреді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том