Мазмұнға өту

Саржетім

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Сарыжетім бетінен бағытталды)

СаржетімОрта жүз арғын тайпасының құрамындағы ру.

ХІХ ғасырдағы қазақ тарихшыларының жазуына қарағанда саржетімдер көне қарлұқтардың саржетім руының бір сілемі. Бұл этноним Арғын тайпасының құрамына — саржетім, Жалайыр тайпасына — жетімек, Алшын тайпасына — саржетім, Тама тайпасына, — жетімсары, Қоңырат тайпасына — жетімдер түрінде енген. Шежіре деректері бойынша Арғын тайпасының құрамындағы Саржетім “тоқал арғын” деп аталатын бірлестігіне кіреді. Себебі шежіре бойынша Арғын атадан тараған ұрпақтары үшке бөлінеді. Ергүл анадан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек, Момын анадан Қанжығалы, Тобықты, Атығай, Қарауыл, Ақташы, Байтажы, Айнакөз анадан Тәңбісұпы (Өткірсұпы) туады. Тәңбісұпыдан Елемес, одан Есенбай, одан Ермен, одан Бөлтірік пен Шағыр. Саржетім Шағырдан шығады. Саржетімді кейде Саржігіт те деп атайды. Саржетімнен тарайтын руларды төмен шекті арғын деп санайды. Мұның себебі жылқыға Арғын руының жалпы таңбасы 00 "көз таңбасы" еңіне төмен қарай қосымша сызық тартуымен байланысты. Шежіре бойынша Саржетімнің әкесі Шағыр, ұлы атасы Ермен батыр. Саржетімнен Ағлан (Апай) мен Жолдыбай туады. Жолдыбайдан Сүгір мен Жиенбет рулары тарайды. Ағланнан: Ақымбет, Бегімбет, Шымболат және Жауғашты аталары тарайды. Ақымбеттен Құлқай руы, Бегімбеттен Өтей руы, Жауғаштыдан Мадияр, Алдияр (Таз), Шымболаттан Есіргеп, Байсары, Қойсары, Жансары, Бәйгелді деген рулар тарайды. Қоныстанған мекендері Қостанай облысына қарасты Обаған, Торғай өзендерінің бойында орналасқан жайылымдары.

Саржетімнің кіндігінен шыққан атақты ру басы, батыр, билер: Жауғаштыұлы Мадияр би, Бегімбетұлы Өтей батыр, Алдиярұлы Қарабалуан батыр, Өтейұлы Бекбаулы би, Сүгірұлы Мешітбай, Балқанұлы Шоқай би, Қарабалуанұлы Барақ батыр, Жанұлы Жазы би (тарихта Язы Янов атымен белгілі), Сұлтанкелдіұлы Қалыбай батыр, сонымен қатар Міржақып Дулатұлы, Сейдазым Қадырбайұлы, Мырзағали Есполұлы, Таутан Арыстанбеков, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Абайділда Бекжанов, Едірес Сейілов, Ілияс Омаров, Асқар Закарин, Ерік Асанбаев, Нығметжан Есенғарин, Әлібек Қасымов, Фазылхан Бәйімбетов, Сайлау Байзақов, Сәбит Байзақов, Абай Байтоғаев және тағы да басқалар. Таңбасы Арғынның "көз таңбалысы" дөңгелегінінің (ОО) жоғарғы жағынан сызық тартумен ерекшеленеді. Ұраны- Ақжол.

  1. Шоқай би
Таз (Алдияр)
  1. Ілияс Омаров
  2. Мәлік Сабырұлы Фазылов
  3. Салимжан Фазылұлы Ғалиев[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әкімбек қажы Қабденұлы Арғын, Таз (Алдияр) руының шежіресі — Қостанай: Қостанай баспа үйі ЖШС, 2008. — 488 б. — ISBN 978-601-227-027-3.