Ромул мен Рем

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ромул мен Рем (лат. Romulus et Remus) — аттары аңызға айналған ағайындылар - Римнің негізін қалаушылар. Аңыз бойынша Марс құдайы мен весталка Рея Сильвияның баласы.Тит Ливияның айтуынша Ромул Ежелгі Римнің бірінші патшасы(753 — 716 жж. б.з.д.)

Ромул мен Ремнің анасы — Рея Сильвия Альба-Лонганың заңды патшасы Нумитордың қызы. Кезінде інісі Амулий Нумиторды тақтан тайдырған. Амулий Нумитордың балалары оның атаққұмар ойларына бөгет болмасын деп бір баласын аңшылықта жүрген кезде ұрлап кеткен, ал Рея Сильвияны весталка болуына мәжбүр етті, ол оны 30 жылға некесіздікке әкелетін.Қызметінің төртінші жылында Реяға қасиетті Марс келеді, кейін одан Рея Сильва ағайынды екі ұл табады. Ашуланған Амулий оны зынданға отырғызып, бөбектерді себетке салып Тибрға лақтыруға бұйырды.

Жастық шақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Cебет Палатин белесінің етек жағалауына тірелді. Сол жерде оларды қасқырдың қаншығы асырды да, ана қамқорлығын тоқылдақ пен қызғыш құс мойындарына алды.Артынан осы жануарлар Рим үшін қасиетті болды.Соңынан ағайындыларды патшаның бақташысы Фаустул өзіне алды. Оның әйелі Акка Ларенция, балаларының өлімінен кейін әлі күйзелісте жүрген, сондықтан егіздерді өз балаларындай қамқорлығына алды. Ромул мен Рем ержетіп Альба-Лонгаға қайтып келгесін ғана өз тектерінің құпиясын білді. Олар Амулийді өлтіріп Нумитор аталарын қайтадан таққа отырғызды

Римнің негізін салу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Төрт жыл өткесін Ромул мен Рем аталарының еркімен Альба-Лонгаға жаңа колонияға орын іздеуге Тибрге аттанды. Аңыз бойынша Рем Палатин және Капитолий белестерінің арасындағы ойпатты таңдайды, Ромул болса қаланың негізін Палатин белесіне салуға бекінді,соның салдарынан екеуінің араларында ұрыс шығады да Ромул бауырын өлтіреді. Басқа нұсқа боынша Ромул Палатин белесін таңдап,негізін де салып қояды, Рем оны күлкіге айналдырып үстінен секіріп өтеді. Қатты ашуланған Ромул бауырын өлтіруге мәжбүр болады. Ремді өлтіргеніне өкінген Ромул жаңа қаланың негізін салып оған өзінің атын береді (лат. Roma), сонда патша болады. Қаланың негізін салған күн, қаланың шекарасы Палатин белесі соқамен жыртылып көрсeтілген күні, яғни 21 сәуір 753 ж. (біздің заманымызға дейін). Орта ғасырлық аңыз боынша Ремнің баласы — Сени Сиена қаласының негізін салған. Бастапқыда Ромулдың ең басты қамы қала халқының санын өсіру болы.Осы мақсатпен ол көшіп келгендерге қаланың негізін салушылармен бірдей құқық және бостандық берді.Олар үшін Капитолий белесінен жер бөліп берді. Сондықтан қалаға қашқын құлдар, қуылғандар, басқа елдер мен қалалардан қызықты кауіпті оқиға іздеушілер ағыл-тегіл келе бастады. Римде әйел халқы жетіспеді, себебі көрші халықтар қаңғыбастармен туыс болғылары келмеді (римдіктерді сол кезде солай атайтын), әділдігін айту керек, оны өздеріне ұят санады. Сондықтан Ромул бір айла ойлап тапты. Ол Консуалии салтанатты мереке ойындарын ұйымдастырады. Осы ойындарда күрестен, түрлі гимнастикалық және кавалериялық жаттығулардан жарыс өткізілді. Мерекелік шараларға римдіктердің көптеген көршілері қатысуға келді, соның ішінде сабиняндар(сабиндер) да болды. Көрерменде,әсіресе әйел көрермендер қызыққа батқан кезде, алдын ала келісен белгі бойынша(Ромул жамылғысын шешеді ), римдіктер мерекелік от шашып,сансыз сарбаз қылыштары мен найзаларымен қарусыз бейқам отырған қонақтарына тап береді. Осындай опыр-топыр кезде римдіктер шамалары жеткенше әйел адамдарды ұстап, қамауға алды. Ромул осылай өзіне сабин әйелін Герсилияны әйел қылып алады. Көне тарихшылардың айтуынша тойда қалыңдықты ұрлау салты, сол кезден бастап римдік салт болын қалыптасқан. Плутарх айтқандай, Ромул мен Ремнің туған жылдарын және Римнің негізі салынған жылды астрологиялық әдіспен есептеуге әрекет жасаған астролог Тарутий, досы Варронның сұрауы бойынша жасайды. Ол ағайындылар күн тұтылған күні біздің заманымызға дейінгі 772 жылы 24 маусым күні күн шыққаннан кейін 3 сағат өткесін ұрықтандырылған деп есептеген, олар өмірге біздің заманымызға дейінгі 771 жылы 26 наурызда келген, ал Римнің негізі біздің эрамызға дейін 754 жылы 4 қазанда тұрғызылды.

Пайдалынған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://romanum.ru/Tema_1/Tema_1.htmlМұрағатталған 10 маусымның 2009 жылы.

http://vurdal.at.ua/publ/hist_n_myth/mythology/romul_i_rem_osnovanie_rima/4-1-0-32

http://romanum.ru/Tema_1/Dionisy_Rimskie_drevnosti.htmlМұрағатталған 10 қыркүйектің 2018 жылы.