Насх
Құран туралы мақалалар | |
---|---|
Құран Кәрім | |
Құран Порталы | |
Мәтіні
Аудармалар
• Қырааттар тізімі • Құран оқылуы (харф) • |
|
Құран порталы | |
Құран аяттары бір сәтте түспей, әртүрлі себептерге байланысты бөлшектеніп түсірілген, сондықтан Құранның кей аяттары өзінен ��ейін түскен аяттардың заңдық күшін жойып тұратын болған. Бұл әдіс «насх» (өшіру, жою) деп аталады. Оның шариғат терминологиясындағы анықтамасы — қасиетті мәтінмен дәлелденген екінші дәрежелі практикалық үкімді, басқа қасиетті мәтінмен дәлелденіп, одан кешірек түсірілген екінші дәрежелі үкіммен ауыстыру[1]. Аллаһ Құранда айтады:
«Біз аяттың үкімін жойсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын немесе сонымен бірдейін алып келеміз. Сен Аллаһтың кез келген нәрсеге құдыреті жететінін білмедің бе?»
— әл-Бақара сүресі, 106-107
Әбу Мұса әл-Ашғариден жеткен хадисте оның Тәубә сүресі сияқты сүрені білгені туралы айтылған, алайда оның үкімі жойылып, оны ұмыттырылған[2]. Сонымен қатар Омар ибн әл-Хаттабтан келген хадисте Құранда зинақорларды таспен атып жазалау туралы аяттар болған және олардың Құраннан Аллаһтың қалауымен өшірілгені, бірақ үкімінің сақталғаны туралы айтылған[3].
Насх түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Насхтың түрлері[4]:
- Бір аяттың басқа аятпен үкімінің жойылуы.
- Бір хадистың басқа хадиспен үкімінің жойылуы.
- Бір аяттың басқа хадиспен үкімінің жойылуы.
- Бір хадистің басқа аятпен үкімінің жойылуы.
Сонымен қатар үкімдері жойылған бірақ Құранда қалдырылған, үкімдері заңды күшке ие, бірақ Құраннан өшірілген аяттар бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «На пути к Корану» — «ОТМЕНА АЯТОВ И ПРЕДПИСАНИЙ»
- ↑ «Фатх әл-Қадир» (127) — әш-Шәукани
- ↑ «Фатх әл-Бари» (12/177)
- ↑ «На пути к Корану» — «РАЗНОВИДНОСТИ ОТМЕНЫ ПРЕДПИСАНИЙ»