Мазмұнға өту

Мысыр тауығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мысыр тауығы


Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Numididae
Тегі: Numida
Линней, 1766
Түрі: N. meleagris
Екі-есімді атауы
Numida meleagris
(Линней, 1758)

Мысыр тауығы немесе сырдаңтауық (лат. Numida meleagris) — Африкада кең таралған Numididae тұқымдастағы жалғыз түрі қалған құс. Африкадан Ежелгі Грекияға және Ежелгі Римға енгізіліп, үйге үйретілген құс.[2]

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мысыр тауғының басы қауырсынсыз, басында әртүрлі бездер, шорлар болады. Тұмсығы үлкен емес, қармақ тәрізді. Қанаттары қысқа, дөгелек, құйрығы да қысқа, қаурсынмен жабылып тұрады. Еңбегінде томпақ сүйек шора бар, жағының астында қызыл етті бездер болады. Кеудесінің жоғарғы жағы және желкесі - қызғылт, ал қалған жерінің түсі - қара-сұрғылт майда ақ дақтарымен.

Құстар топтасып өмір сүреді. Осы әдетінің арқасыда бір-бірін келе жатқан қауыпты жағдайлар туралы ащы шыңғырық дауысымен ескертеді. Жылдам жүгіреді. Тал үстінде түнейді. Құрт-құмырсқамен, дәндермен көректенеді.[3] Жылына 5—10 жұмыртқа салады, жұмыртқаның қауызы мықты әрі қалың болады.

Африкада (Сахараның оңтүстігінде) және Мадагаскар аралында таралған құс.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International (2008). Numida meleagris. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 22 сәуір 2009.
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
  4. Жизнь Животных т.6 Птицы М.: Просвещение 1986