Людвиг Больцман
Людвиг Больцман | |
нем. Ludwig Boltzmann | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
5 қыркүйек 1906 (62 жас) |
Қайтыс болған жері |
Дуино, Аустрия-Мажарстан қазіргі кезде Италия |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Ғылыми дәрежесі | |
Альма-матер | |
Ғылыми жетекші |
Йозеф Стефан |
Атақты шәкірттері |
Пауль Эренфест |
Несімен белгілі |
статистикалық механика және молекулалық кинетикалық теорияның негізін қалаушы |
Қолтаңбасы | |
Людвиг Эдуард Больцман (нем. Ludwig Eduard Boltzmann; 20 ақпан 1844, Вена, Аустрия империясы — 5 қыркүйек 1906, Дуино, Аустрия-Мажарстан) — аустрия физигi, классикалық статистикалық физиканың негiзiн құрушылардың бiрi. 1866 ж. Вена университетін бiтiрген, Грац (1869-1873), Вена (1873-1876), Мюнхен (1889-1894), Лейпциг (1900-1902) университеттерiнiң профессоры болған.
Оның негiзгi жұмыстары газдардың кинетикалық теориясы, термодинамика және сәуле шығару теориясы салаларына байланысты.
1866 ж. газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралу заңын қорытты (Больцман статистикасы).
Идеал газдардың кинетикалық теориясына статистикалық әдiстердi қолданып, 1872 ж. физикалық кинетиканың негiзi болып табылатын газдардың негiзгi кинетикалық теңдеуiн қорытып шығарды. 1872 ж. физикалық жүйенiң энтропиясын оның күйiнiң ықтималдығымен байланыстырып, термодинамиканың екiншi бастамасын статистикалық түрде дәлелдедi.
Больцман алғаш рет сәуле шығаруға термодинамика принциптерiн қолданды. Дж.Максвеллдiң жарық қысымы туралы болжамын пайдаланып, 1884 ж. абсолют қара дененiң сәуле шығару энергиясы дененiң абсолют температурасының төрт дәрежесiне пропорционал болатыны туралы жылулық сәуле шығару заңын теория жүзiнде ашты. Бұл заңды тәжiрибе жүзiнде 1879 ж. Й.Стефан дәлелдедi (Стефан-Больцман заңы).
|