Нормативті бақылау
Нормативті бақылау, кітапхана ісінде беделді файлдар ретінде де белгілі[1] — кітапхана каталогтарын және кітапнамалық ақпаратты[2][3] әр тақырыпқа арнайы атау беру арқылы ұйымдастыру. Мұндай бірегей атаулар каталогта бірізді түрде қолданылады[4] және басқа ұйымдастырушылық мәліметтермен, мысалы, сілтемелермен бірге жұмыс істейді[4][5]. Әрбір атаудың қолдану аясы мен шегін сипаттайтын қысқаша анықтамасы бар, мұндай ұйым кітапхана қызметкерлеріне каталогты жаңартып отыруға және зерттеушілердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.
Каталогшылар әрбір мәнге (мысалы, авторға, кітапқа, серияға, баспаға ж.б.) бірегей мәтіндік сәйкестендіргіш тағайындайды. Бұл сәйкестендіргіш сол мәнге қатысты барлық сілтемелерді дәл сипаттау үшін, тіпті жазбаның басқа нұсқасы, лақап ат немесе криптоним болса да, үнемі қолданылады[6]. Бірегей атау барлық маңызды ақпаратты, соның ішінде аталған объектіге қатысты мәліметтерді, алуға мүмкіндік береді. Нормативті бақылау мәліметтер базасында сақталып, басқа мәндермен және мәліметтер базаларымен байланысуы мүмкін[7]. Сондықтан нормативті бақылау кітапнамалық бақылау мен нормативті сөздіктің бір түрі болып табылады.
Уақыт өте келе нормативті бақылау жазбаларын өзгертіп, жаңартып отыру қажет; бұл жүйе мінсіз деректер сақтау жүйесін құруды мақсат етпесе де, ақпаратты реттеп, іздеуді жеңілдетуге ықпал етеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Авторитетные файлы Российской национальной библиотеки.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Block, Rick J. 1999. «Authority Control: What It Is and Why It Matters.», accessed March 30, 2006
- ↑ Why Does a Library Catalog Need Authority Control and What Is. IMPLEMENTING AUTHORITY CONTROL. United States: Vermont Department of Libraries (2003). Тексерілді, 19 шілде 2013.
- ↑ a b Authority Control at the NMSU Library. United States: New Mexico State University (2007). Тексерілді, 25 листопада 2012.
- ↑ Authority Control in the Card Environment. IMPLEMENTING AUTHORITY CONTROL. United States: Vermont Department of Libraries (2003). Тексерілді, 19 шілде 2013.
- ↑ Cataloguing authority control policy, National Library of Australia (25 қараша 2012). «The primary purpose of authority control is to assist the catalogue user in locating items of interest.».
- ↑ Authority Control at LTI, LTI (25 қараша 2012).