Мазмұнға өту

Көкмаңдай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көкмаңдай
P. p. poliocephalus; Таиланд
P. p. poliocephalus; Таиланд
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тырнатәрізділер
Тұқымдасы: Rallidae
Тегі: Porphyrio
Түрі: P. porphyrio
Екі-есімді атауы
Porphyrio porphyrio
(Карл Линней, 1758)
Porphyrio porphyrio

Көкмаңдай (лат. Porphyrio porphyrio) – тырнатәрізділер отряды, сутартарлар тұқымдасына жататын құс.


Африка, Оңтүстік Азия, Аустралия, Полинезия, Малайзия топаралының тропиктік және субтропиктік аймақтарында мекендейді. Қазақстанда Жайық өзенінің аңғарында 4 – 5 жұбы ғана анықталған. Тұрқы 45 см-дей, қанатын жайғанда ұзындығы 83 см, қанатының ұзындығы 24, құйрығының ұзындығы 10 см. Қауырсыны көк күлгін түсті. Маңдайында үлкен қалқаны бар, тұмсығы және аяқтары қызыл. Моногамды құс. Ұяларын қамыс, құрақ өскен жерлерге немесе судағы төмпешіктерге салады. 6 – 9 жұмыртқа салып, 22 – 25 күндей шайқайды. Негізінен өсімдіктердің тұқымымен, бұтағымен және тамырларымен, сондай-ақ ұсақ жәндіктермен, бақалармен, кейде тышқандармен қоректенеді.

Көкмаңдайдың жылдан-жылға саны азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Porphyrio porphyrio