Мазмұнға өту

Нағыз бақалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Бақалар бетінен бағытталды)
Нағыз бақалар
Rana temporaria
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Қосмекенділер
Сабы: Құйрықсыз қосмекенділер
Кіші сабы: Neobatrachia
Ұлы тұқымдасы: Ranoidea
Тұқымдасы: Ranidae
Rafinesque, 1814
Subfamilies

Petropedetinae
Raninae
(but see text)

Синонимдері

Ceratobatrachidae
Dicroglossidae
Micrixalidae
Nyctibatrachidae
Ptychadenidae
Pyxicephalidae

Нағыз бақалар (Ranidae) — қосмекенділер класы құйрықсыздар отрядына жататын тұқымдастар тобы.

Бақаның қазба қалдығы эоцен дәуірінен белгілі. Қазіргі кезде оның 46 туысының 555 түрі Солтүстік, Орталық Америкада, сондай-ақ, Еуропада, Азияда, Африкада кеңінен таралған. Қазақстанда Бақа тұқымдасының 5 түрі (көлбақа, сүйіртұмсық бақа, сібір бақасы, шөпбақа, қызылаяқ бақа) тіршілік етеді. Олардың денесінің ұзындығы 3 — 32 см, салмағы бірнеше г-нан 3,5 кг-ға жетеді. Денесі жалпақтау, артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын келеді, секіріп қозғалады. Тістері үстіңгі жақ сүйегінде ғана болады. Артқы аяғының башпайлары арасында жүзу жарғағы бар. Терісі жылтыр, шырышты, өкпесі нашар жетілген, терісі арқылы тыныс алады. Тілінің ұшы екі айыр, жемін тілімен ұстайды, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аналығы 500-ден 11 мыңға дейін уылдырық шашады, құрлықта да, суда да ұрықтанады. Бақаның дернәсілін итшабақ, кейде шөмішбалық деп атайды. Бақа еті кейбір елдерде (Франция, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады. Бақа, сондай-ақ, ғылыми-зерттеуге, тәжірибе жұмыстарында кеңінен қолданылады.[1]

A.

Бақа — Еуропада (Франция, Бельгия, Дания, Болгария, Югославия, Грекия, Румыния), сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азияда (Қытай, Сингапур, Малайзия, Бирма, Таиланд, Камбоджа, Лаос және т.б.) кеңінен таралған және экзотикалы да емес, жағымсыз да емес тағам болып табылады. Тағамға жасыл бақалардың тек сан еті қолданылады. Дайындау технологиясы да қарапайым: жартылай дайын өнім лимон қосылған суық суға 2—4 сағатқа салынады, содан кейін әр түрлі қоспасы бар сұйық қамырға (клярға) малып алып қуырады.

Тайлер ағаш бақасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тайлер ағаш бақасы немесе оңтүстік көл ағаш бақасы Австралияның шығысында кездеседі. Бұл – континенттің орталықтарын емес, жағалау аймақтарындағы ағаштарды мекендейтін бақа. Тайлер ағаш бақасының арқа жағының түсі сұр-қоңырдан сары-қоңыр түске дейін болса, құрсақ жағы ақ сары түсті болып келеді.

Алып өгіз бақа

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алып өгіз бақа – оңтүстік Африкадағы ең үлкен бақа. Оның ұзындығы 20 см-ге дейін жетеді. Алып өгіз бақалардың түстері зәйтүндей жасыл. Олардың бастары өте жалпақ, ауыздары да кең болады. Бұл бақалар көп уақыт жер астында көміліп жатып, тек жаңбырлы маусымда ұрпақ әкелу үшін сыртқа шығады.

Голиаф бақасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Голиаф бақасы – ең үлкен бақа. Бұл батыс-орталық Африкада кездеседі. Оның денесінің ұзындығы 20- 32 см, ал салмақтары 3,3 кг-ға жетеді.

Шығыстық қызыл бауыр шұбар бақа

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыстық қызыл бауыр шұбар бақалар – бауыр-бел тұстары ашық қызыл немесе сары және қара түсті болып келетін бақалар. Бұл әдемі боялған бақалар бір нәрседен қорыққан кезде терілерінен токсин бөледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;