Креатин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Креатин C4H9N3O2
2-(метилгуанидин)-сірке қышқылы, Mr=131.13 g/mol

Креатин (грек " κρέας - «ет») - 2-(метилгуанидин)-сірке қышқылы. Молекуларлық салмағы 131,13; балқу температурасы - 315° С(ыдырайды).

Креатин ыстық суда жақсы ериді, спиртте аз, эфирде ерімейіді. Минерал қышқылдар әсерінен лактат-креатининге айналады және осы жолмен Креатиннің бары анықталады. Сілтігі ортада несеп зәріне және метилглицинге ыдырайды. Креатин ағзада аминқышқылы глицин мен оргининнен түзеледі. Етте Креатин тұрақсыз креатинфосфор қышқылы түрінде кездеседі. Креатин барлық омыртқалылардың етінде, аздап нерв тканінде, қан, бауыр, бүйректе болады. Креатинді ет құрамынан жылы сумен айырып алуға болады. Креатин ет жиырылуы процесінде қатысады. Ал креатинның химиялық формуласы - C4H9N3O2.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998