Мазмұнға өту

Игорь Александрович Моисеев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Игорь Александрович Моисеев (1906 жылы 8 (21) қаңтарда Киевте дүниеге келіп, 2007 жылы 2 қарашада Мәскеуде дүниеден өткен) – совет және орыс хореографы, балетмейстер, балет әртісі. 1953 жылы КСРО-ның халық әртісі атанған, 1942, 1947, 1952 жылдарда Сталин лауреаты, 1967 жылғы Ленин сыйлығының лауреаты, 1976 жылы Социалистік Еңбек Ері атанған, 1985 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық иегері. Отбасының жалғыз ұлы болған. Бала кезінде бірнеше жыл Францияда тұрғандықтан, француз тілінде жақсы сөйлеген. 1920 жылы Мәскеуде жекеменшік балет студиясында, 1921-1924 жылдарда А.А. Горск атындағы Хореографиялық техникумда оқыған. Ал 1933 жылы Өнер Университетін бітірген. 1930 жылдан бастап балетмейстер болып жұмыс істеген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://www.peoples.ru/art/theatre/ballet/moiseev/ Игорь Моисеев