Мазмұнға өту

Зәкір

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Зәкір

Зәкір, якорь – кеменің суда (рейдте, бухтада, т.б.) ағып кетпеуін қамтамасыз ететін, ауыр металдан жасалған құрылғы. Ол әдетте Уақыттық және Тұрақты деп бөлінеді. Уақыттық зәкірді кеме өзі алып жүреді және қажетті кезде суға, не жағалауға тастап, кеменің қозғалысын тежейді. Ал, тұрақты зәкір әрқашан бір орында тұрақты тұрады, ол көбінесе порттарда болады. Кеме келгенде ол сол тұрақты зәкірге байланады.

Алғашқы зәкір бұдан 4 мың жыл бұрын жіпке байланған тас (тас зәкір) түрінде болды. Тарих атасы Геродот зәкірді Скиф (сақ) ойшылы Анахарсис тапқырлады деп жазған. Зәкір пішінінің қазақтың алыс жолға арналған қымыз секілді сусындық құятын торсығына ұқсауында сондай бір негіз бар секілді, өйткені Анахарсис те Грекияға сапарлап барып, Солонмен дос болғаны тарихтан белгілі.

Кеме түріне байланысты зәкір салмағы түрліше болады. Көбінесе, зәкір болаттан құйылады. Шынжырға не болат арқанға байланады. Пайдалану мақсатына сәйкес зәкір кемені ықтырмайтын зәкір, көмекші зәкір және варп зәкірі болып ажыратылады. Варп зәкірі кемені қайраңнан шығарып алу немесе кемені су ағысына қатысты белгілі бір қалыпта ұстап тұру үшін пайдаланылады. Құрылысы бойынша зәкір табаны қозғалмайтын әрі штокты (адмиралтействолық), табаны айналмалы, табаны айналмалы әрі штоксыз болып бөлінеді. Ең ірі зәкір (салм. 27,2 т) АҚШ-та 1954 жылы жасалынған;

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Anchors