Зорлау
Навигацияға өту
Іздеуге өту
1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау, — үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Зорлауды:
- Адамдартобы, алдын ала сез байласкан адамдартобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
- Өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
- Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
- Бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса;
- Көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса, — бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Зорлау:
- Абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырса;
- Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
- Жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;
- Қоғамдык зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса, — сегіз жылдан он бес жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |