Мазмұнға өту

Зеренді таулары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Зеренді таулары
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Көкшетау қыраты

Пайда болған кезеңі

Палеозой, девон, тас көмір

Ұзындығы

28 км

Ені

18-20 км

Биіктігі

587 м

Орналасуы

52°53′36″ с. е. 69°04′39″ ш. б. / 52.89333° с. е. 69.07750° ш. б. / 52.89333; 69.07750 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°53′36″ с. е. 69°04′39″ ш. б. / 52.89333° с. е. 69.07750° ш. б. / 52.89333; 69.07750 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Ақмола облысы Зеренді ауданы

Зеренді таулары (Қазақстан)
Зеренді таулары
Зеренді таулары (Ақмола облысы)
Зеренді таулары

Зеренді таулары Көкшетау қыратының орталық бөлігіндегі орманды-таулы алқап.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмола облысы Зеренді ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 18 – 20 км. Батысында Жыланды тауына ұласады. Абсолюттік биіктігі 587 м.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.

Зеренді тауларын шоқ қарағайлы-қайыңды ормандар көмкеріп жатыр. Тау төңірегінде тұщы көлдер бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9