Мазмұнға өту

Есіл даласы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Есіл даласы
Сипаттамасы
ӨзендерЕртіс, Тобыл
КөлдерЖалаулы, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Шағалалытеңіз
Жылдық жауын-шашын деңгейі400 мм
Орналасуы
55°04′41″ с. е. 70°05′47″ ш. б. / 55.078029° с. е. 70.096300° ш. б. / 55.078029; 70.096300 (G) (O) (Я)Координаттар: 55°04′41″ с. е. 70°05′47″ ш. б. / 55.078029° с. е. 70.096300° ш. б. / 55.078029; 70.096300 (G) (O) (Я) (T)
Елдер Қазақстан
 Ресей
Есіл даласы (Қазақстан)
Есіл даласы
Есіл даласы (Солтүстік Қазақстан облысы)
Есіл даласы
 Басқа мағыналар үшін Есіл (айрық) деген бетті қараңыз.

Есіл даласы Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде, Ертіс және Тобыл өзендерінің аралығында жатқан орманды жазық.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батысында Орал тауына, оңтүстігінде Торғай үстірті мен Көкшетау қыратына дейін созылып жатыр. Оңтүстік бөлігі Солтүстік Қазақстан облысы жерін қамтиды. Солтүстік бөлігі Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы облыстары жерінде.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көл, өзен аңғарлары, жал, бұйраттан тұратын даланың жер беті саз, балшықтан, құм, құмайт, т.б. борпылдақ жыныстардан түзілген. Ойпаң жерлері суффозиялық процесс нәтижесінде пайда болған.

Климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық. Қыс ерте түседі. Қар 150 — 170 күнге дейін жатады, қалыңдығы 30 см-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 400 мм, оның 250 мм-і жаз айларында түседі.

Даламен Тобыл, Есіл өзендері ағып өтеді. Олар, негізінен, қар суымен толығатындықтан, жаздың аяғына қарай едәуір тартылады. Ірі көлдері: Жалаулы, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Шағалалытеңіз.

Топырағы мен өсімдігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сұр, қара, қызыл қоңыр сортаң топырағында көктеректі-қайыңды және қайыңды ормандар мен бұталы қалың тоғайлар өседі. Олар даланың 40%-ін құрайды. Тоғайлар арасын астық тұқымдас әр түрлі шөптер өсетін шалғынды дала алып жатыр. Дала қазіргі уақытта түгелдей дерлік жыртылып, егістікке айналған. Ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы, биязы жүнді қой және шошқа шаруашылықтары дамыған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5