Дос-Мұқасан
Дос-Мұқасан | |
Жанры |
Рок, эстрада |
---|---|
Белсенділік жылдары |
1967 — осы уақытқа дейін |
Мемлекет | |
Қайдан |
Алматы |
Өлеңдерінің тілдері | |
Топ құрамы |
Д.Сүлеев, М.Құсаинов, Қ.Санбаев, А.Литвинов, М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайынов, А. Мейірбеков |
Бұрынғы қатысушылары |
Дос-Мұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.[1]
Топтың тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” — М.Құсайынов) орын алды.Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды.
- Танымал әндері
- Бәрінен де сен сұлу
- Ты — моя мечта
- Куә бол
- Той жыры
- Құдаша
- Дударай
- Туған жер
- Сұлу қыз
- Назқоңыр
- 16 қыз
- Қарлығаш
- Жанарым
- Ахау бикем
- Ақ сиса
- Алатау
- Алматы түнi
- Арал
- Қайдасың
- Су тасушы қыз
- Шофер келеді Қырманға
- Ауылың сенің іргелі
- Қуанышым менің
- Ләйлім-шырақ
- Бойжеткен
- Ғашықтар әні
- Жыр жазамын жүрегімнен
- Сағындым сені
- Күт мені
- Әпитөк
- Бақытқа барар жолда
- Бетпак Дала
- Ахау бикем
- Аяулым
- Қыздар-ай
- Сен менің ертегімсің
- Айгөлек
- Гүл қала
- Ғашықтар әні
- Далам менің
Топ құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мүшенің аты | топтағы рөлі |
---|---|
Досым Сүлеев | клавиатурашы, саксофонист, ансамбль жетекшіс |
Мұрат Құсайынов | жеке гитарист, солист |
Қамит Санбаев | ритм гитаристі, солист |
Александр Литвинов | барабаншы |
Мейірбек Молдабеков | ритм гитаристі, солист |
Сағаділда Хасенов | бас гитарист |
Юрий Лим | барабаншы |
Құрманай Омарова | солист |
Дариға Тұрсынова | солист |
Усмадияр Мақанов | солист |
Шәріп Омаров | бас гитарист |
Бақытжан Жұмаділов | солист, өнерпаз |
Тасхан Нарбаева | солист |
Алтынбек Үмбетов | домбырашы |
Нұртас Құсайынов | солист |
Николай Буктуков | иллюзионист, сауықшы |
Ұлықпан Сыдықов | ақын |
Елшібек Жақашев | дыбыс инженері |
Тұрсын Омарұлы Салибаев | куратор |
Дискографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Альбомдары
- 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ 0004363-4
- 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003443-4
- 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003445-6
- 1976-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-07677-78
- 1980-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ00 791, (компакт-кассета)
- 1983-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-19101-009,
Компиляциялары
- 1972 — 33ГД-0002911 Кругозор 1972 N5 (11) Первый оттиск. Казахские молодежные ансамбли «Дос-Мукасан» и «Айгуль».
- 1977 — Г92-06497-98 Кругозор N12(11) Ансамбль «Дос-Мукасан» (Казахстан)
- 1980 — С60 13531-2, Песни о целине
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974).
Топ мүшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов, М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Н.Құсайынов, А.Мейірбеков.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ "Дос-Мұқасан" ВИА-ның алғашқы "жұлдызды" құрамы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |