Генри Кавилл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Генри Кавилл
Henry Cavill
Сурет
Генри Кавилл San Diego Comic Con 2019
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Генри Уильям Далглиш Кавилл

Туған күні

5 мамыр 1983 (1983-05-05) (41 жас)

Туған жері

Сент-Сейвьер, Джерси

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

2001 — осы уақыт

IMDb

ID 0147147

Генри Уильям Далглиш Кавилл (ағылш. Henry William Dalgliesh Cavill, туғ. 5 мамыр 1983, Сент-Сейвьер, Джерси, Норманд аралдары) — британдық актер.[1][2][3][4][5][6] Кавилл мансабын «Граф Монте-Кристо» (2002) және «Мен қамалды басып аламын» (2003) атты фильмдерден бастайды. Кейін ол қосалқы рольдерде BBC-дің «Инспектор Линлидің тергеуі», ITV-дің «Мидсомердегі өлім», Showtime-тың «Тюдорлар» телевизиялық шоуларында, ал сосын Голливудтың «Тристан және Изольда» (2006), «Жұлдызды тозаң» (2007), «Қанды бұлақ» (2009) және «Құдайлар соғысы: Ажалсыз» (2011) сынды фильмдеріне қатысады. Сосын ол Арми Хаммермен бірге «А.Н.К.Л. серісі» (2015) шпиондық фильмде және Netflix-тің «Құмды қамал» соғыс драмасына түседі.

2008 жылы Dunhill жұпар иістер коллекциясының ресми өкілі болады.

Кавилл DC-дің кеңейтілген әлеміндегі Супермен ролін ойнау арқасында әлемге жақсы таныла бастады, 2013 жылы «Құрыш адам», кейіннен сол рөлді «Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы және «Әділдік лигасы» фильмдерінде ойнайды. Алғашқы екі фильм Супермен жайлы түсірілген кинолардың ішінен ең табысты болып саналады.

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Қазақша атауы Бастапқы атауы Рөл
2001 ф Лагуна Laguna Томас Эпри
2002 ф Граф Монте-Кристо The Count Of Monte Cristo Альберт Мондего
2002 с Инспектор Линлидің тергеуі The Inspector Lynley Mysteries Чес Куилтер
2002 тф Қош бол, мистер Чипс Goodbye, Mr. Chips Сарбаз Колли
2003 ф Мен қамалды басып аламын I Capture the Castle Стивен Колли
2003 с Убийства в Мидсомере Midsomer Murders Саймон Мэйфилд
2005 в Восставший из ада 8: Мир ада Hellraiser: Hellworld Майк
2006 ф Тристан мен Изольда Tristan & Isolde Мелот
2007 ф Қызыл телпек Red Riding Hood Аңшы
2007 ф Жұлдызды тозаң Stardust Хамфри
2009 ф Қанды бұлақ Blood Creek Эван Маршалл
2009 ф Будь что будет Whatever Works Рэнди Джеймс
2007—2010 с Тюдорлар The Tudors Чарльз Брэндон
2011 ф Құдайлар соғысы: Ажалсыз Immortals Тесей
2012 ф Средь бела дня The Cold Light of Day Уилл Шоу
2013 ф Құрыш адам Man of Steel Кал-Эл / Кларк Кент / Супермен
2015 ф А.Н.К.Л. агенттері The Man from U.N.C.L.E. Наполеон Соло
2016 ф Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы Batman v Superman: Dawn of Justice Кал-Эл / Кларк Кент / Супермен
2017 ф Құмды қамал Sand Castle Капитан Сайверсон
2017 ф Әділдік лигасы Justice League Part One Кал-Эл / Кларк Кент / Супермен
2018 ф Миссия невыполнима: Последствия Mission: Impossible - Fallout Август Уолкер / Джон Ларк
2018 ф Ганнибал ойыны Night Hunter Маршалл
2019 — о. у. с Ведьмак The Witcher Геральт Ривиидан
2020 ф Энола Холмс Enola Holmes Шерлок Холмс / Sherlock Holmes

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]