Васил Левский
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Васил Левский (болг. Васил Левски; шын есімі Васил Иванов Кунчев; 1837 жыл 6 маусым, Карлово - 1873 жыл 6 ақпан, София) — болгар революцияшыл демократы, ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
Өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірінші және екінші Болгар легиясына кірді. Ол болгар революционерлерінің ішінде бірінші болып революциялық ұйым құру идеясын жүзеге асырды. 1868-1869 жылдары ел аралап, кең көлемдегі астыртын комитеттер жүйесін құруға көп еңбек сіңірді. 1870-1871 жылдары Левский бірқатар программалық мәні бар Болгар революциялық орталық комитетінің жарғысын жасады. Ол болгар революциялық қозғалысының ішкі және эмигранттық орталықтарын біріктіруді мақсат етті. 1872 жылы желтоқсанда түрік үкіметінің қолына түсіп, 1873 жылы 6 ақпанда дарға асылды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том