Мазмұнға өту

Бозой үстірті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бозой үстірті
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

Жоғары тас көмір – төменгі пермь

Ұзындығы

45-50 км

Ең биік шыңы

Қазыбек (тау)

Биіктігі

785 м

Орналасуы

44°03′53″ с. е. 75°49′47″ ш. б. / 44.06472° с. е. 75.82972° ш. б. / 44.06472; 75.82972 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°03′53″ с. е. 75°49′47″ ш. б. / 44.06472° с. е. 75.82972° ш. б. / 44.06472; 75.82972 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Алматы облысы Жамбыл ауданы

Бозой үстірті (Қазақстан)
Бозой үстірті
Бозой үстірті (Алматы облысы)
Бозой үстірті

Бозой үстірті Тауқұм құмды алқабының оңтүстігінде, Ащысу және Күрті өзендері аралығында жатқан үстіртті жазық.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан. Бозой үстіртінің орташа биіктігі 400 – 500 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 45 – 50 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері оңтүстігінде (Қазбек тауы, 785 м).

Геологиясы, климаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үстірт жоғары тас көмір – төменгі пермь жүйелерінің жыныстарынан түзілген. Климаты тым континенттік, қаңтарда ауаның орташа температурасы –10°С, шілдеде 25°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 300 мм.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]