Мазмұнға өту

Ащысу (өзен, Алматы облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ащысу өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 93 км
Су алабының
ауданы
1070 км²
Су ағысы
Бастауы Іле Алатауының солтүстік баурайы
Сағасы Көлбұлақ ауылының солтүстігінде суы сарқылып қалады
 • Координаттары 44°15′48″ с. е. 75°48′17″ ш. б. / 44.26333° с. е. 75.80472° ш. б. / 44.26333; 75.80472 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°15′48″ с. е. 75°48′17″ ш. б. / 44.26333° с. е. 75.80472° ш. б. / 44.26333; 75.80472 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасай ауданы
 Басқа мағыналар үшін Ащысу деген бетті қараңыз.

Ащысу Алматы облысының Жамбыл, Қарасай аудандары арқылы ағатын өзен.

Іле Алатауының солтүстік баурайындағы 2000 – 2500 м биіктіктегі текшелерден бастау алып, Көлбұлақ ауылының солтүстігінде суы сарқылып қалады.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұзындығы 93 км, су жиналатын алабы 1070 км2. Жоғары ағысында өзен тік беткейлі тар арнамен ағады, ал төменгі ағысындағы арнасы жазық келеді. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Аңғары мал жайылымына пайдаланылады[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]