Мазмұнға өту

Батыр (Баһадүр) хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Батыр (Баһадүр) хан
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ ханы
1652 — 1680
Ізашары Салқам Жәңгір хан
Ізбасары Тәуке хан
Өмірбаяны
Діні ислам
Қайтыс болуы 1680 (1680)
Қазақ хандығы
Әкесі Бөлекей сұлтан

Батыр (Баһадүр) хан (туған жылы белгісіз - 1680) – Есім ханмен бірігіп ел билеген қазақ ханы. Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін мемлекеттегі билікті өз қолына алған (1652-1680)[1].

Шыққан тегі: Жәнібек хан - Өсек сұлтан - Бөлекей сұлтан - Батыр (Баһадүр) хан. Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның арғы атасы Айшуақ сұлтанның ағасы.

1603 жылы күзде қарақалпақтар Түркістанда Əбдіғаппарды хан етіп жариялайды. Осы кезде Ташкент пен Сайрамнан Есім хан, Баһадүр хан, басқа да қазақ сұлтандары Əбдіғаппарға қарсы шығады. 13 күнге созылған шайқаста қазақ әскерлері жеңіліп, Түркістан, Сайрам, Ташкент, Ахсикент, Әндіжан қалалары Əбдіғаппардың қоластына өтеді. 1605 жылы көктемде Ташкент маңындағы Қарақамыс деген жерде Есім хан мен Баһадүр хан Əбдіғаппарды өлтіріп азат етілген аймақтарға өз биліктерін орнатады. 1616 – 1617 жылдары орыс құжаттарында оның есімі Батыр, Баатырь, Болатырь деп аталып, кейбір тұста Шығай ханның інісі, Абдолла ханның қол астында болған басқа Баһадүр сұлтанмен шатастырылған. 1652 жылы Есім ханның мұрагері Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін Қазақ хандығындағы билікті өз қолына алған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х