Мазмұнға өту

Баба сұлтан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Баба сұлтан, Баба хан (шамамен 16 ғасырдың 30-жылдары – 1582) – 16 ғасырдың 2-жартысында Орта Азиядағы аласапыран оқиғалардың бел ортасында болған тарихи тұлға, Шайбани әулетінің өкілі.


Ата тегі: Әбілхайыр ханСүйініш Қожа ханНаурыз Ахмед (Барақ) ханБаба сұлтан Самарқанды билеген әкесі қаза тапқан соң Түркістан өңіріне иелік еткен.[1]


16 ғасырдың 70-жылдарынан бастап Мауераннахрда ықпалы күшейе бастаған Абдолла (Абдоллаһ ІІ) ханды биліктен тайдыруға әрекеттенді. Самарқанд, Ташкент түбінде болған шайқастарда 1578 жылы Абдолла хан әскерлерінен жеңіліске ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Қазақ ханы Ақназардың (Хақназар) қолдауына сүйенген Абдолла хан Ташкентті алып, Түркістан өңіріне жорық жасады. 1579 жылы тамызда Абдолла хан мен Баба сұлтанбейбіт келісімге келді. Баба сұлтанға Түркістан өңірі қайтарылды, бірақ оның Бұхар хандығына тәуелділігі сақталды. Баба сұлтан 1579 жылдың аяқ кезінде Абдолла ханға жаңа жорықтар ұйымдастырып, Ташкент билеушісі Дербіс сұлтанды өлтірді. Абдолла ханға қарсы күресте Баба сұлтан Ақназар ханның билігіне наразы, бүлікшіл қазақ сұлтандарымен (Сарбан сұлтан мен Бұзақұр сұлтан) одақ құрды. Ол Шарапхана өзені бойында 5 қазақ сұлтанын (оның ішінде Ақназардың 2 ұлын) өлтіріп, Бұзақұр сұлтанға Ақназарды өлтіруді тапсырады. Бірақ Баба сұлтан 1580 жылы Шығай хан мен Абдолла ханның қысымына шыдай алмай Ұлытауға қарай қашып, кейін (1582) маңғыттарды паналайды. Баба сұлтанның бұл әрекеттеріне наразы болған Тәуекел хан оның әскерін талқанд��п, өзін өлтіреді.


Баба сұлтанның Абдолла, Ұбайдолла, Абд ас-Саттар, Абд әл-Ғаффар және Абд әл-Латиф есімді ұлдары болған.[2][3] [4] [5][6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
  3. Материалы по истории казахских ханств XV — XVІІІ вв., А.-А., 1969;
  4. Хафиз-и Таныш ибн Мир Мухаммед Бухари, Шараф намаий-шахи, ч. 2, М., 1989;
  5. Абусеитова М.Х., Казахстан и Центральная [Азия] в ХV — ХVІІІ вв.: история, политика, дипломатия, А.-А., 1988.
  6. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том