Ақ қаржеміс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ақ қаржеміс

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Dipsacales
Тұқымдасы: Caprifoliaceae
Кіші тұқымдасы: Caprifolioideae
Тегі: Symphoricarpos
Түрі: S. albus
Екі-есімді атауы
Symphoricarpos albus
(L.) S.F.Blake 1914
Синонимдері
  • Vaccinium album L. 1753
  • Lonicera alba (L.) Druce
  • Xylosteon album (L.) Moldenke
  • Symphoricarpos rivularis Suksd.
  • Symphoricarpos pauciflorus (J.W. Robbins) Britton

Ақ қаржеміс (лат. Symphoricarpos albus) – ұшқаттар тұқымдасы, қаржеміс туысына жататын бұта.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тұқымы
  • Биіктігі 1-1,5 м, тік болып өседі, бұтақтары сұр, ал жас бұтақтары ашық қоңыр немесе сарғыш түсті.
  • Бұтақтарының қабығы жұқа, өсімдікті бойлай жарылып тұрады.
  • Жапырақтары жұмыртқа немесе эллипс пішінді, ұзынша, кейде дөңгелек болады, ұзындығы 2-6 см, ені 2-4(5) см, ұштары доғал, жиектері тегіс, қысқа сағақты және жатық түкті, шеттеріндегі түктері кірпік тәрізді.
  • Гүлдері қысқа сағақты, жапырақтарының жоғарғы жағында масақ тәрізді гүлшоғырға топталған. Гүлдерінің пішіні кішігірім қоңырау тәрізді, ұзындығы 5-7 мм, қою күлгін түсті. Сәуір-тамызда гүлдеп, қыркүйек-қараша айларында жеміс салады.
  • Жемістері қардай ақ, тұқымдары жұмыртқа немесе эллипс тәрізді, ұзындығы 4-5 мм, түсі ақ, беті тегіс.
  • Құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды, қолдан сәндік үшін өсіріледі.

Өсетін орны мен таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаржемістің отаны Солтүстік Америка, Канада да кездеседі. Қазақстанда ақ қаржеміс өседі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5