Ақ тұмсықты дельфин
Ақ тұмсықты дельфин | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Lagenorhynchus albirostris (Джон Эдуард Грей, 1846) | ||||||||||||||||
Ақ тұмсықты дельфин - теңіз сүтқоректілерінің киттәрізділер тұқымына жатады. Көзінен бастап, бауыр қанатына дейінгі аралығы қоңыр сұр түсті болып келеді. Тұмсығы - ақ, кейде ақшыл сұр түс. Денесінің арқа бөлігі - қара немесе сұрғылт түсті. Бүйіріндн ақ түсті екі жолақ бар. Арқа жүзбеқанаты, құйрық қанаты және бауыры- қара қоңыр түсті. Арқа жүзбеқанатының шеті- доғал. Дельфиндердің осы арқа қанаты мен құйрығының көлемі жастар өскен сайын өсе береді. Ақ тұмсықты дельфин жұмыр денелі болып келеді. Олар кішкене толқын бетінде өте үлкен жылдамдықта жарысады және су үстінде секіріп ойнақтайды. Ақ тұмсықты дельфиндер үйірінде 5-50-ге дейін дельфин болады. Ақ тұмсықты дельфиндердің арқа қанаты қою сұрдан бастап, қара түске дейін болады, бірақ арқа қанатында дақтары бар. Ақ тұмсықты дельфиндер косатка мен бүкір кит және тағы басқа дельфин түрлерімен бірлесіп жүзіп жүргенін жиі байқауға болады. Ұрпағын маусым мен қыркүйек айларының аралығында дүниеге алып келеді. Ұрпағы туған кезде ұзындығы- 115 см және салмағы 40 кг құрайды. Ақ тұмсықты дельфин өте жылдам жүзеді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Hammond, P.S., Bearzi, G., Bjørge, A., Forney, K., Karczmarski, L., Kasuya, T., Perrin, W.F., Scott, M.D., Wang, J.Y., Wells, R.S. & Wilson, B. (2008). Lagenorhynchus albirostris. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 24 March 2009.
- ↑ Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2