Атлаш Алпысбайұлы Кәлменов
Кәлменов Атлаш Алпысбайұлы (1902, бұрынғы Ақтөбе губерниясында, Темір уезінде – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
1917 ж. Ақтөбе қаласындағы гимназияны, 1921 ж. Ташкенттегі жұмысшы факультетін, 1935 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық жоспарлау академиясын бітірген. 1922–26 ж. Орынбордағы мемлекеттік сауда мекемесінде уәкіл, Темір уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Адай уездік комитетінің хатшысы, уездік революция комитеттің төрағасы, қаржы бөлімінің меңгерушісі болды. 1927–35 ж. Қазақ АКСР-і Қаржы халық комиссариаты бюджет басқармасының бастығы, мемлекеттік сақтандыру басқармасының уәкілі, Қарақалпақ облысы қаржы бөлімінің меңгерушісі, РКФСР Қаржы халық комиссариатында аға нұсқаушы, БОАК жанындағы Қарақалпақ АКСР-інің өкілі, 1935 жылдың сәуірінен 1936 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақ АКСР-і жергілікті өнеркәсіп халық комиссарының орынбасары, 1936 жылдың қыркүйегінен 1938 жылдың қаңтарына дейін халық комиссары қызметтерін атқарды. 1938 ж. қаңтарда тұтқындалып, атылды. 1957 ж. маусымда ақталған.[1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның халық комиссарлары (1920 – 1948), А., 2004.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |