Алматы метросы
Алматы метрополитені — Алматы қаласындағы метрополитен жүйесі. Қазақстандағы бірінші және жалғыз, Орта Азиядағы екінші (Ташкенттен кейінгі) болып ашылған метрополитен. 2024 жылғы жағдай бойынша 1 желісі, 11 бекеті бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы бөлігі 2011 ж. 1 желтоқсанда ашылды. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. Алматы метрополитені Қазақстан үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысы мен Абай және Гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. Бұл жұмыстар ресейлік «Лайтон» ААҚ қоғамының еншісінде. Туннельдерде рельс салу, бейнетеле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісінде Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 17-ші метрополитен болып саналады. Алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізілді. «2012 жылы Алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың адам болып, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 адамға дейін жетеді» деген болжам болды. Бұл мәліметтерді сол кездегі«Алматыметроқұрылыс» АҚ директоры Мұрат Үкшебаев мырза да растады.
Аймақтың сейсмикалық белсенділігі жоғары болғандықтан, құрылыс жұмыстары күрделі инженерлік-геологиялық жағдайда жүргізілді. Топырақтың ерекше физикалық-механикалық қасиеттері қазу жұмыстары барысында түрлі қиындықтар туғызды. Дегенмен, құрылыс аймағында жер асты суларының болмауын, жағымды фактор деп қарастыруға болады.[1]
Алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді.
Жүйесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Метроның жұмыс уақыты күн сайын, 6:20 мен 00:00 (UTC+6). 2012 жылдың 4 қаңтарына дейін метро 6:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеді (UTC+6).
Метрополитеннің жоба бойынша барлық үш бағытының ұзындығы 45 км болады.
Ұзындығы 13,4 км. құрайтын алғашқы бағыт 11 бекеттен тұрады (оның ішінде алтауы терең, қалғандары жерге таяу орналасқан). Бағыт Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай Назарбаев даңғылының (бұрынғы Фурманов көшесі) астымен Абай даңғылының бойымен, одан әрі батысқа қарай Алтынсарин даңғылына және Момышұлы көшесіне дейін тарты��ған. Жүру интервалы 10 минуттан (таңертеңгі және кешкі қысылтаяң уақыттарда) 19 минутқа (соңғы рейстерде)дейін. Пойыздардың орташа жылдамдығы 40 км/сағ. Жылжымалы құрам - бұл оңтүстік кореялық заманауи Hyundai Rotem пойыздары, салондардағы ауаның желдетілуі, жақсы шу оқшаулауы, толық автоматты жүргізу режимі және басқа да мүмкіндіктері бар.[2]
Қазіргі таңда 2024 жылы бірінші линияның батыс бағытындағы Қалқаман-3 ықшамауданына дейінгі құрылысы жүргізілуде. Алматы қаласының батыс бағытындағы құрылысы аяқталғаннан кейін қаланың Алматы-1 бекетіне дейінгі құрылысын бастау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта бірінші желі «Шұғыла» шағын ауданы арқылы Алатау даңғылы бойымен батыс бағытта («Барлық» базарына дейін) ұзартылуда. Батыс бағыттағы құрылыс аяқталғаннан кейін солтүстік бағыттағы желіні Алматы 1 стансасына дейін ұзартуды бастау жоспарлануда.Болашақта Жібек жолы және Сайран станцияларында тасымалдау түйіндері бар екінші желіні салу, оңтүстік-батысқа қарай Орбита 1-4 шағын аудандарына және солтүстік-шығысқа қарай Думан ықшамауданына апарады.[3]
Бекеттері мен желілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы метросының бірінші желісінде 2024 жылғы жағдай бойынша 11 бекет бар.
"Райымбек батыр" бастапқы бекеті Фурманов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан. Соңғы бекет - "Бауыржан Момышұлы" бекеті Абай даңғылымен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан.
Бекеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Жібек жолы» (Гоголь — Панфилов көшелері);
- «Алмалы» (Қарасай-батыр — Панфилов),
- «Абай» (Фурманов — Абай);
- «Байқоңыр» (Абай — Байтұрсынұлы),
- «Әуезов атындағы драма театры» (Абай — Мұқанов),
- «Алатау» (Абай — Гагарин),
- «Сайран» (Абай — Тілендиев),
- «Мәскеу» (Абай — Алтынсарин),
- «Сарыарқа»,
- «Бауыржан Момышұлы».
Құрылыс суреттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Халықаралық «Метро» қауымдастығы
- Алматы метрополитен бекеттері
- Алматы күні: Метроға саяхат жасайық! https://massaget.kz/ сайты, қыркүйек, 2013 ж.
- Алматы метрополитені туралы мәлімет FAKTILER.KZ сайты
- Алматы метросының алғашқы тармағы ашылды https://www.azattyq.org/ сайты
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаладағы кейбір мәлімет ескірген. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті мәліметті енгізіп Қазақша Уикипедияға үлесіңізді қосыңыз. Мәліметті жаңартқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. |
|