Аккра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Аккра
Accra
Әкімшілігі
Ел

 Гана

Статусы

Астана

Мэр

Мохаммед Аджей Совах

Тарихы мен географиясы
Координаттары

5°33′ с. е. 0°13′ б. б. / 5.550° с. е. 0.217° б. б. / 5.550; -0.217 (G) (O) (Я)Координаттар: 5°33′ с. е. 0°13′ б. б. / 5.550° с. е. 0.217° б. б. / 5.550; -0.217 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

XV ғасыр

Қала статусы

1898

Жер аумағы

185 км²

Орталығының биiктігі

61 м

Тұрғындары
Тұрғыны

2 291 352 адам (2012)

Агломерация

4 000 000

Ұлттық құрамы

га

Конфессиялар

христиан, мұсылман, жергілікті діндер

Этнохороним

аккралық

Ресми тілі

ағылшын тілі

ama.ghanadistricts.gov.gh  (ағыл.)

Аккра картада
Аккра
Аккра

Аккра (ағылш. Accra) — Гана Республикасының астанасы (1957 жылдан), маңызды сауда, өнеркәсіп, мәдениет орталығы.

Батыс Африкадағы Гвинея шығанағының жағалауында.

Халқы - 2 291 352 (2012 ж.). Үлкен Аккраның халқы 4 млн-ға жақыдап келе жатыр. Үлкедігінен Аккра - Африкадағы 11-ші мегаполис. Халықының 99,9 % — негрлер. Аккра - өте "жас" қала, 56 % адамдарының жасы 24-тен кіші.

16 ғасырдан кейін салынған. 1600 жылда га тайпалары федерациясының астанасы болды. Африкада европалық саудагерлерінің келуіне байланысты Аккра маңызды сауда орталығына айналды.

1850 ж. ағылшыдықтардың Алтын Жаға отарына қосылып, 1876-1957 ж. осы отардың резиденциясы болды.

Сонымен бірге Аккра - өнеркәсіптік-энергетикалық Акосомба-Тема аудандық орталығы. Теңіз порты, темір жол, автожол және халықаралық әуе жолдарының торабы. Металл өңдеу, тоқыма, ағаш тілу, тамақ (жеміс және балық косервілеу), құрылыс материалдары мен электр құрал-жабдықтарын шығаратын өнеркәсіптік орындары бар. Қолөнер кәсіпшілігі (алтын мен күміс бұйымдарын жасау) дамыған.

Аккра арқылы шетке алмас, какао шығарылады.

Қаланың назар аударарлық орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Университет (1948),
  • Абуриботаника бағы (қаладан 30 шақырымда),
  • Ғылым академиясы (1961),
  • Африкалық керамика мен ағаш, сүйектен жасалған бұйымдардың ұлттық мұражайы (1957)
  • Драма театры «Гана-Плейхаус» бар.
  • «Макола» базары
  • Форттар:
  • Ушер (1605)
  • Джеймс (1673)
  • Кристиансборг (1661—1680)

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]