Мазмұнға өту

Құбыжық акула

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құбыжық акула
Қазбалық ауқымы: Holocene


Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Шеміршекті балықтар
Кіші табы: Elasmobranchii
Ұлы сабы: Selachimorpha
Сабы: Lamniformes
Тұқымдасы: Mitsukurinidae
Тегі: Mitsukurina
Түрі: M. owstoni
Екі-есімді атауы
Mitsukurina owstoni
D. S. Jordan, 1898

Синонимдері

Odontaspis nasutus Bragança, 1904
Scapanorhynchus dofleini Engelhardt, 1912
Scapanorhynchus jordani Hussakof, 1909
Scapanorhynchus mitsukurii White, 1937

Құбыжық акула[1] (лат. Mitsukurina owstoni) – теңіздің ең терең жерін мекендейді. Митсукринида тұқымдасынан қалған акулалардың жалғыз түрі.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жақ сүйегінің астыңғы бөлігіндегі тістері ұзын және өткір. Жоғарғы жақ тістері астыңғысына қарағанда ұзынырақ. Бүйір жақ жүзбеқанаты- үлкен. Артқы жүзбеқанаттары да ұзын болып келеді. 1200 метр тұңғиық тереңдікте өмір сүреді. Акуланың терісіндегі қызғылт түс оның қан айналымынкөрсетеді. Оның ұзындығы 11 метрге дейін жетеді, ал салмағы 159 келіні құрайды. Дегенмен салмағы 2000 келіден асатын 38 метрлік алып кұбыжық табылғаны туралы дерек бар. Акуланың бұл түрі сирек кездеседі. Көру қабілеті жақсы дамыған.

Құбыжық акула өзінен әлсіз акулаларды, балықтарды жейді. Сонымен қатар бунақденелілерді, шаяндарды және асшаяндармен қоректенгенді ұнатады.

Ерекшелігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Иіс сезу қабілеті ерекше.
  • Бұл акулалар электр қуатын зарядтай алады.
  • Магнит толқындарын ажырата алады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2