Мазмұнға өту

Шаянтәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Шаян бетінен бағытталды)
Шаянтәрізділер
Ғылыми топтастырылуы
Домен

Эукариоттар

Патшалық

Жануарлар

Тип

Буынаяқтылар

Кіші тип

Шаянтәрізділер

Халықаралық ғылыми атауы

Crustacea Brünnich, 1772

Класстар
Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер (Malacostraca)
* Phyllocarida
* Hoplocarida
* Eumalacostraca
Желбезекаяқты шаянтәрізділер(Branchiopoda)
* Phyllopoda
* Sarsostraca
Максиллоподалар (Maxillopoda)
* Thecostraca
* Tantulocarida
* Branchiura
* Pentastomida
* Mystacocarida
* Copepoda
Бақалшақты шаянтәрізділер (Ostracoda)
* Myodocopa
* Podocopa
Ремипедия (Remipedia)
Цефалокаридалар (Cephalocarida)

Уикитүрлердегі
жіктелуі
uselang=ru}}
[{{fullurl:commons:{{{Commons}}}|uselang=kk}} Ортаққордан
сурет іздеу]
ITIS  83677
NCBI  6657

Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар ""құршаян"" деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен етеді. Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі - жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі метрге жетеді.

Құрылыс және классификация

Body structure of a typical crustacean - krill

Денесінің ұзындығы 1 — 2 мм-ден (ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0,25 мм) 80 см-ге жетеді. Ең ірісі — жапон шаяны (Macrocheіra kaempferі), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян — Солтүстік Атлант омары (Homarus amerіcanus), оның салмағы 20 кг. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан — үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәріздер түлеу арқылы өседі. Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін). Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Бас бөліміндегі бунақтардың саны тұрақты — акроннан және 4 бунақтан құралған, олардың 5 жұп өсінділері бар. Бірінші жұбы — антеннула, екіншісі — антенна, қалған үш жұбы қорегін ұстайтын және ұсақтайтын, түрі өзгерген аяқтары. шаянтәрізділердің басында бір жұп күрделі немесе фасеттік көздері бар. Кеуде және құрсақ бунақтарының саны бірдей емес. Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты. Құрсағы көпқылтанды құрттардың пигидиіне (құрсақтың соңғы бөлімі) ұқсас тельсонмен (құрсағының соңғы бунағы) аяқталады. Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және “бауырдан” құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар (рецепторлар) түрінде болады. Зәр шығару жүйесі екі жұп безді: антенналды және максиллярлы. Тепе-теңдік сақтау мүшесі — статоцист жақсы дамыған. Шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен онаяқтыларда гермафродиттік кездеседі. Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл — науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс., крабт��рдың зоеа сатысы). Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады.

Класс Мүшелері Отряд Сурет
Желбезекаяқты шаянтәрізділер brine shrimp
Аша мұрт шаян
Triops
Anostraca
Notostraca
Laevicaudata
Spinicaudata
Cyclestherida
Аша мұрт шаян
A microscopic, transparent, oval animal against a black background. The head has a large eye, antennae, and comes to a pointed beak. The rest of the animal is smooth round and fat, culminating in a pointed tail. The internal anatomy is apparent.
Daphnia pulex (Аша мұрт шаян)
Ремипедия Nectiopoda
Цефалокаридалар‎ horseshoe shrimp Brachypoda
максиллоподалар barnacles
copepods
Calanoida
Pedunculata
Sessilia
c. 20 others
Many barnacles living on a rock. Each one consists of a round wall with a central hole closed off by two hard plates.
Chthamalus stellatus (Sessilia)
бақалшақты шаянтәрізділер ostracods Myodocopida
Halocyprida
Platycopida
Podocopida
A translucent, sculptured shell conceals a small animal. Some of its appendages extend beyond the shell.
Cylindroleberididae
Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер crabs
lobsters
shrimp
krill
mantis shrimp
woodlice
sandhoppers
etc.
Decapoda
Isopoda
Amphipoda
Stomatopoda
c. 12 others
A small, curled-up animal has feathery appendages which it is holding at diverse angles.
Gammarus roeseli (Amphipoda)

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Crustacea