Мазмұнға өту

Қыземшек (тау, Ұлытау таулары)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Қыземшек деген бетті қараңыз.
Қыземшек тауы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Ұлытау таулары

Ұзындығы

2,5 км

Ені

1 км

Биіктігі

546 м

Орналасуы

47°42′34″ с. е. 66°37′29″ ш. б. / 47.70944° с. е. 66.62472° ш. б. / 47.70944; 66.62472 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°42′34″ с. е. 66°37′29″ ш. б. / 47.70944° с. е. 66.62472° ш. б. / 47.70944; 66.62472 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Ұлытау облысы Ұлытау ауданы

Қыземшек тауы (Қазақстан)
Қыземшек тауы
Қыземшек тауы (Ұлытау облысы)
Қыземшек тауы

ҚыземшекҰлытау тауларының оңтүстік бөлігіндегі аласа тау.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің оңтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 546 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Беткейі сай-жыралармен тілімделген. Шығысынан Керегетассай өзені бастау алады. Солтүстігінде Шиліқұдық бұлағы, оңтүстігінде Қарамола жайлауы бар.

Тау баурайында ұшқат, тобылғы, боз, бидайық, сораң, т.б. өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5