Керегетассай
Көрініс
Керегетассай | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 40 км |
Су алабының ауданы |
451 км² |
Су алабы | Сарысу өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс беткейіндегі Шиеліқұдық, Аққұдық бұлақтары |
Сағасы | Қумола өзені |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы Ұлытау ауданы |
Керегетассай – Сарысу өзені алабындағы өзен. Қумола өзенінің оң саласы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 451 км².
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс беткейіндегі Шиеліқұдық, Аққұдық бұлақтарынан бастау алады.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жағасы жайпақ, өзеннің бастауы бұта өскіндері арасымен өтеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, шілдеде төменгі деңгейге түседі, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. [1]