Мазмұнға өту

Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қойлыбай Асанов
Туған күні

10 қазан 1964 (1964-10-10) (60 жас)

Туған жері

Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Білімі

Жоғары

Жанры

Поэзия

Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов (10 қазан 1964(19641010)[1], Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі.

Арғын тайпасы Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан[2].

Қойлыбай Қарағандыда өткен 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына қатысушы. Сол жылдары студент жастарға үгіт жүргізуші һәм ұйымдастырушы ретінде ішкі істер органдарында бірнеше рет тергеуде болып, әкімшілік жазаға тартылған.

1987 жылы бірінші рет Павлодарда республикалық деңгейде айтысқа шықты.

1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1993-1996 жылдары Қарағанды облыстық «Шипагер» газетінде бас редактор, облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін  атқарды.  

1994 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.  

1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында ұстаздық етіп келеді.

Шығармашылығы мен марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов «Жылымық жылдар жаңғырығы» (2004 ж.), «Е.А.Букетов - публицист» (2006 ж.), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (2010 ж.), «Сөз өнері және журналистика» (2012 ж.) атты зерттеу еңбектерінің авторы.

2002 жылы "Е.А.Букетов публицистикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы "Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әдебиет порталы
  2. Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]