Мазмұнға өту

Қарашық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Адам қарашығы
Мысық қарашығы

Қарашық (лат. pupilla) — көздегі нұрлы қабықтың ортасындағы тесік. Нұрлы қабықтың сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер будалары қарашықтың қысқыш, ал тарам миоциттер будалары, оның кеңейткіш бұлшықеттерін түзеді. Аталған бұлшықеттердің; әсерінен қарашық рефлекторлы түрде кеңейіп немесе тарылып көз алмасына жарықтың түсу мөлшерін реттейді. Күшті жарық әсерінен қарашықтың мөлшері кішірейіп, ал әлсіз жарыққа, керісінше, кеңеюіне жауап береді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9