Қарасор (көл, Қорғалжын ауданы)
Көрініс
Қарасор | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 322 м |
Өлшемі | 5,6 × 3,5 км |
Ауданы | 20 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 16,5 км |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 276 км² |
Орналасуы | |
50°20′08″ с. е. 70°16′12″ ш. б. / 50.33556° с. е. 70.27000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°20′08″ с. е. 70°16′12″ ш. б. / 50.33556° с. е. 70.27000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Аудан | Қорғалжын ауданы |
Басқа мағыналар үшін Қарасор деген бетті қараңыз.
Қарасор — Нұра алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақмола облысы Қорғалжын ауданының шығысында орналасқан.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аумағы 20 км2. Теңіз деңгейінен 322 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 5,6 км, енді жері 3,5 км, жағалау бойының ұзындығы 16,5 км. Су жиналатын алабы 276 км2. Жағалауы жайпақ, нашар тілімденген. Шығыс бөлігінде солтүстікке қарай бағытталған және суы мол жылдары Тұзащы көлімен қосылатын жіңішке шығанақ орналасқан. Табаны лайлы. Еріген қар суымен толысады. Суы ащы, мал суаруға жарамсыз, жазда кеуіп қалады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5